Таланттар



Pdf көрінісі
бет103/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ЖЕҢІС 
 
Өзім жақсы көретін баланың әкесі келді: «Баламның оқуына 
пенсиямнан  жырып  беріп  отырмын.  Кеше  сынақ  кітапшасына 
қарасам, екі тоқсанда екілері бар, сөйтіп, те оқу бола ма?» – дейді.  
Көзіне  жас алды. 
Мен,  керісінше,  қуануға  болатынын  айттым.  Бірнеше 
сабақтан жақсы  баға алды. Әсіресе әдебиеттен сөйлейтін болды. 
Ептеп  өлең  жазатынды  шығарды.  Ал  есептен…  бұрын  ешбір 
түсінбестен  сыныптан-сыныпқа  көше   берген  болса, 3-4  айда 
оның бәрін  қайдан меңгере  қойсын. Оның үстіне  осы сабаққа 
ықыласы аз. Мұны естіген Рақым мырза айтты: «Тіпті пайғамбар 
болса да, осы аз уақытта бәрінен керемет боп кетуге ерте ғой», – 
деді. 
Жеңістің  де  түр-түрі  бар  ғой.  Соның  ең  қиыны  –  адамның  
өзін-өзі  жеңуі.  Өз  қорқынышын,  еріншектігін  жеңу,  өз 
әлсіздігімен алысудан асқан ауыр  жұмыс жоқ. Ол – көрінбейтін 
еңбек. Әкесі қиналып отырған біздің баламыздың еңбегі осындай 
еңбек,  елеусіз  болса  да,  үлкен  еңбек.  Бұрын  орнынан  тұрып 
сөйлей  бермейтін,  көзге  ілінбей  келген  баланың  бүгін  сөзге 
қосылып, пікірін айтып отыратын жағдайға жетуі өзінше жеңісі 
деп  ойладым. Баланы осы  жеңісімен құттықтадым. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет