Таланттар



Pdf көрінісі
бет2/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

КҮТПЕГЕН ОҚИҒА 
 
Милициядан  кейінгі  өмірі  күтпеген  оқиғаға  толы  адамдар  – 
мұғалімдер болар. 
Бір  талапты  студент  болды.  Аты  –  Байсал.  Өзі  қадірлі 
адамның  ұрпағы  екен.  Кейде  атақты  кісінің  атын  алып  жүре 
алмайтын  бала  да  болады  ғой.  Байсал  ондай  емес.  Көзілдірігін 
түзеп қойып, ауыздан шыққан сөзді қағып алып, қарсы алдыңда 
отырады. Көзілдірік киюінің өзі «жұрт екі есе көрсе, мен төрт есе 
көрейінші, білімнің тереңі қандай екен?»  – дегендей әсер етеді. 
Қойған сұрағы, айтқан пікірі ерекше. 
Көп  ұзамай  қысқы  емтиханды  тапсыру  басталды.  Жақсы 
оқитын  студенттің  алдымен  кіретін  әдеті  бар.  Байсал  да  билет 
алып, дайындалуға кірісті. Бірақ түрінен бір қобалжу байқалады. 
Маңдайын  жиырып,  мазасызданып,  билетке  үңіліп  қарайды  да, 
екі  қолымен  басын  ұстап  қиналады.  Байсалдың  бұл  отырысы 



 
таңғалдырды.  Билеттің  ішінде  түсініксіз  сұрақ  жоқ  еді.  Бұл 
сияқты дайындықта жүрген студентке қиын болуы мүмкін емес. 
Жауап  бере  бастады.  Бұрын  да  лоторея  ойнатқандай  қылып 
қоятын  осы  емтиханнан  бүгін  тіпті  көңілім  қалды.  Мынау 
алдымда  отырған  Байсал  екі  сөздің  басын  құрап  айта  алмайды. 
Оп-оңай  нәрсені  есіне  түсіре  алмайды.  Ісіңкі  бет-аузына  қарап, 
танымайтын адам болса, мас деп ойлап қалуы да мүмкін. Әрі-бері 
сөйлетіп көріп, ештеңе шықпайтынына көзім жетті. 
«Жоқ, бұл бала мен білетін Байсал емес!». Түнде өзін жұмбақ 
әлемге  ұрлап  әкетіп,  бүгін  орнына  ұқсас  біреуді  жібере  салған 
сияқты. Бетіне бажайлап қарасам, мас. Ұйқыдан мас екен. Өзінен-
өзі  қашып  кеткісі  келгендей,  «білмеймін,  апай,  білмеймін...»  – 
деп,  төмен  қарай  береді.  Сұрағы  да  оңай  екен,  бірдеме 
қиыстырып айтуға болатын. 
–  Өзің бүгін ұйықтадың ба? 
– Жоқ, ұйықтағаным жоқ. Жатақханаға барып, таңғы жетіге 
дейін дайындалдық.   Жауабым ойдағыдай болмай қала ма деп, 
оқи бердім. 
–  Қалай  шыдадың!  («Шырағым-ау»,  –  дей  жаздап  барып, 
сөзімді әзер ұстап қалдым). Сөйтуге бола ма екен? 
–  Кофе  қайнатып  іше  бердім,  іше  бердім.  Оқып  отырғанда, 
бәрін ұққан сияқты едім, қазір не болғанын білмеймін. 
–  Қазір  үйіңе  жет  те,  жатып    ұйықта.  Екінші,  емтиханға 
дайындалмасаң да, ұйқыңды қандырып келіп жүр. 
Студентім орнынан тұрып жатып: «Екі» алдым ба?– дегендей, 
көзінің қиығымен тізімге қарады. 
Айтпақшы,  бұл  балаға  не  қоюым  керек?  Жауап  бермеген 
адамның бағасы – «екі». Басқа дайындалып отырған студенттер 
де «Не болар екен?» – дегендей, тым-тырыс бола қалыпты. Не бір 
жауап бермейтін нашар оқушы болушы еді, жауап бере алмаған 
жақсы студентті көргенім осы. 
Бір сәттен соң: «Бара ғой, «бес» қойдым», – дедім Байсалға. 
Демін  ішіне  тартып  отырған  курстастары  да  тынышталып,  өз 
тіршілігіне кірісіп кетті. Қолдағаны содан сезілді. 



 
Байсал  болса,  жанкешті  еңбегінің  қайтқанына  қуанып,  көзі 
жайнап: 
– Мен ертең келіп, қайта айтып беремін. Кез-келген сұраққа 
дайынмын, – деді. 
Байсалдың қан құрамын тексерсе, құдай біледі, А(ІІ) тобына 
жататын  шығар.  Жан  жүйесін  зерттеушілер  осы  топтағы 
адамдардың  өз  ісіне  аса  жауапкершілікпен  қарайтынын,  қолға 
алған  тірлігін  тиянақты  орындауға  тырысатынын  айтады. 
Олардың  «иә»  деген  келісімінің  өзі  кепілдік  берумен  бірдей 
дейді.  Табиғаты  осындай  адамға  әділдік  үшін  нашар  баға 
қойылса, оның бүкіл психикасына сұмдық  салмақ түскен болар 
еді. Жаны таза бала бұл жағдайды қайғыдай қабылдауы мүмкін, 
ал оның арғы жағы қандай нәтижеге әкеледі? 
Осы оқиғадан кейін емтихан алдында студенттерге уақытты 
дұрыс  пайдалану  жөнінде  ұсыныстар  айтып,  жауапты  істің 
алдында  ұйқыны  қандырудың  жарты  жеңіс  екенін  ескертетін 
болдық. 
Екінші бір күтпеген жағдай мынау еді: 
Екінші  курстағы  талқылау  сабағы  сегізде  басталатын. 
Аудиторияның есігін ашсам, тым-тырыс. Улап-шулап отыратын 
студенттер  басын  партаның  үстіне  салып  томпиып-томпиып 
жатыр. Ұйқыға кеткен. 
Мұғалім  кірген  соң,  сергектеуі  бастарын  көтеріп,  бірін-бірі 
түртіп оята бастады. Көзін ашқанымен, сабақ тыңдауға шамалары 
жоғы белгілі болды. 
–  Ал... жағдайды түсіндіріңдер. 
– Курстасымыздың үйлену тойына барып едік, колхоздан таң 
ата шығып, жаңа ғана келіп түстік. Ұйықтағанымыз жоқ. 
«Сабақ кезінде неге үйленесің?» – деп күйеуге шыққан қызға 
ұрсарымды,  не  «курстасыңның  тойына  неге  барасың?»  –  деп 
қалғанына  айтарымды  білмей,  тұрып  қалдым.  Жартылай 
ұйқыдағы адамдар дымды түсінетін түрі жоқ. Ең оңайы  – есікті 
сарт  ұрып,  бастықтарға  барып,  шағым  айту.  Олардың  қолында 
«жатақхана, стипендия» деген күш бар. 
Екі оттың ортасында тұрғанда, Гауһардың даусы шықты. 



 
–  Баяндамамды  дайын  қылып  әкеліп  едім,  мүмкін,  мені 
тыңдарсыз. 
Сонымен  Гауһар  екеуміз  баяндама  талдауға  кірістік. 
Жауапкершілікті ойлағаннан ба, тың екен. 
Тексеруші келсе, оңдырмасы анық. Абырой бергенде, бұдан 
кейін сабақ жоқ болып шықты. Әрқайсысы өз бетінше орындауға 
тапсырма алып, бір сабақ ұйықтаған соң, үйіне қайтты. 
Осы  екі  оқиға  студенттер  өміріндегі  күтпеген  жағдайға 
таңғалмауға сабақ болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет