Таланттар


Гүлсара:  «Әрбір  жолы  терең  ой-мағынаға  толы  неткен  жыр  шумақтары».  Сәния



Pdf көрінісі
бет31/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Гүлсара: 
«Әрбір  жолы  терең  ой-мағынаға  толы  неткен  жыр 
шумақтары». 
Сәния: 
«Шәлгездің бұл толғауын оқып отырып: «Жыраудың айтайын 
деген  ойы  –  мынау»,  –  деп  түю    қиынның-қиыны.  Қайта-қайта 
оқып шығып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба алмау 
– менің ғана осалдығым емес-ау...» 
Иманғалиев Б:  
«Шәлгез  жырау  бұл  ағытпа  данышпандық  толғауында 
жақсылық пен жамандықтың, достық пен батырлықтың, ерліктің, 
әділдіктің  бағасын  таразылап,  ұрпаққа  өсиет-нақыл  ретінде 
айтқан». 
Ысрайыл: 
«Өресі  биік,  зерделі  адамның  аузынан  шыққан,  айтары  мол 
өлең жолдары. Әр жол өзінше бір ой айтып тұр. Құтты бір мақал 
іспеттес. Сонымен бірге әр жол бір жаңа өлеңнің тақырыбындай 
әсер береді. Қалай десек те, аталы сөз екені анық». 
Сабақ  өтіп  жатты.  Бірақ  осы  тәсілімнің  дұрыстығына  анық 
сенімім  болмай,  «бұл  өзі  мектепті  қайталау  болып  кеткен  жоқ 
па?»  –  деп,  екі  ойлы  болып  жүргенде,  «Останкинодағы  он  бес 
кездесу»  атты  кітаптан  Д.  Лихачевтың  мына  сөздерін  оқыдым: 
«Бір кездері университетте Л.В. Щерба студенттермен баяу оқу 
дейтін  сабақ  өткізетін,  оны  басқа  оқытушыларға  да  ұсыныс 
ететін.   
Яғни  бір  шығарманы  әр  жолына  түсініктемелер  бере  оқып, 
тереңдей талдайды... Осылайша біз де «Мыс салт аттыны» оқып 
шықтық,  бір  жылда  бірнеше  жолын  ғана  талдап  үлгірдік. 
Осындай  сабақтар  әдебиеттің  мәнін    түсінуге,  әдебиетті  сүюге 
үйретеді».                                     


58 
 
Бұл  пікірдің  өз  ойыммен  қабысқаны  сондай  –  енді  күдіксіз, 
күмәнсіз  текст  оқуға  мән  беретін  болдым.  Шәлгездің  бір 
толғауын талдауға жіберілген уақытқа өкінбеймін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет