Таланттар


Шығайбайдың қызы мен қазы



Pdf көрінісі
бет38/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Шығайбайдың қызы мен қазы 
 
Шығарма жазып отыр едік, шығып кетіп, қайта кірсем, біразы 
кітапты  сурып  алып,  қарай  қалған  екен,  партаның  астына  тыға 
қойды. Әуелі үп-үлкен жігіттердің сондай ұсақтыққа барғанына 
өкпелеп,  бір  реніш  келе  қалды  да,  есіме,  көп  жасағыр, 
Алдаркөсенің оқиғасы түсе кеткені. Дауыстап айта бастадым: 
«Бір  күні  Алдаркөсе  Шық  бермес  Шығайбайдың  есігінің 
жабығынан сығаласа, бәйбішесі бас үйітіп, тоқалы қаздың жүнін 
жұлып, қызы қазы айналдырып отыр екен. Ассалаумағалейкүм! – 
деп кіріп келгенде, Ас... с-ын айтып үлгірмей, қаз да, қазы да жоқ 
болыпты». 
Сол-ақ  екен,  балалар  өз  істеріне  өздері  күліп  жіберді. 
Басталғалы тұрған реніш тарап кетті. 
 
Қиял 
 


68 
 
Далаға  қоқыс  төгуге  кеткен  бала  біраздан  кейін  абыржып 
қайтып келді. Шелегінің бірі төгілген, бірі төгілмеген. 
–  Екі шелектің біреуін ұмытып, төкпей әкеліппін, – деді. 
–  Неге? – дедік таңғалып. 
–  Ойланам деп жүргенде... 
–  Ай,  қиялиым-ай.  Бұл  сенің  ғана  қолыңнан  келеді  ғой.  –
Шыдай алмай, күлдік. 
Сөйтсек,  жолда  бұрыннан  таныс  бала  кезігіпті.  Үстіндегі 
киімі ескі-құсқы, қаршылдаған қарда резеңке етік киіпті. Қолғабы 
да жоқ. Қолғап сұрапты. 
Бәріміз қолғапты беру керек деп шештік. 
Бала  қуанып,  тымағының  құлағы  салпаңдап,  төгілмеген 
шелегін алып, тағы кетті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет