Байланысты: Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.
ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 1. Оқулық бойынша берілетін тапсырмаларға мыналар жатады:
а) Тақырып бойынша сұрақтарға жауап.
ә) Тақырыптарды оқу, мазмұндау.
б) Тақырыптың ең негізгі, түйінді дәнін бөліп ала білу.
в) Тезис конспекті жасау.
г)
Өз беттерімен тақырып материалдарына сұрақтар әзірлеу.
2. Көркем мәтін, көркем туынды бойынша:
а) Сюжеттік, композициялық жоспар жасау.
ә) Аннотация жазу.
б)
Поэтикалық талдау жасау (көркем компоненттеріне).
в) Жазушы тілі, стиліне талдау.
г)
Кейіпкерлердің сөйлеу тілі, іс-әрекетінен мысалдар алу,
оны жауаптарында, не шығармаларында пайдалану.
д)
Негізгі оқиғаларды сұрыптап ала білу, сол бойынша мазмұндау, не
образдардың іс-әрекетін ашу.
Бұл тәсіл, әсіресе, көлемді шығармаларды оқуда пайдалы. Мысалы, 4 томдық «Абай
жолын», оның барлық окиғаларын есте ұстау - өте қиын. Сондықтан әр кітаптың ең негізгі,
басты оқиғаларын сұрыптап ала білудің маңызы зор. Мұғалім көмегімен ол тапсырма
былай орындалады: