2.
Абай
Әбу
Алтын күз, сұрғылт
34
Сұр бұлт, түсі суық...
Тартқан, жасыл барқыт...
1. Адамдар, жан-жануарлар іс-әрекетін де салыстырыңдар:
Абай
«Жастар күлмес, жүгірмес, бала
шулай...»
Әбу
«Байлықтың
жасаушысы
мен
еңбекші».
«Майға бөгіп өрісте мал»
Ескерту: Талдау осы үлгіде жүргізіледі, өздері толтырады.
Екі өлеңдегі екі ақынның көңіл күйін, сондай-ақ өз көңіл күйіңді де саралап көр.
Мына үлгіні басшылыққа
Ақындар
Ақын көңіл күйі
Өлеңдегі адамдар
көңіл күйі
Өз көңіл күйің
1.
Абай
2. Әбу
Көңілсіз,жабырқаңқы
кедейлерге жаны
ашиды.
Көңілді, шаттық,
қуаныш, мақтаныш
бар.
Тіршілік иесінің бәрі
бүрсең қағып, пана
іздейді,
сұрықсыз,
көілсіз күйде.
Адамдардың бәрі де
бақытты қуанышты.
Жаның ашиды,
кәрілерді аяйсын,
өзің де тоңғандай
әсер аласың.
Көңіл күйін
көтеріңкі, алтын
күздің ішінде сайран
салғандай, сен де
тойынғандай
боласың.
35
Е с к е р т у: Бұл сұрақтардың бәріне жауапты жазбаша беру міндетті түрде емес, үлгісін
көрсете отырып, ауызша жүргізуге де болады.
Оқушының көркем туындыны қабылдауын, талдауын, пікірін айта білу дағдыларын
дамытуда қосымша материал пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, М.Әуезовтің «Көксерек»
әңгімесін оқуға беру алдында Джек Лондонның «Ақ азуы» туралы әңгіме қозғау немесе 11-
сыныпта жазушының алғашқы әңгімелерін оқуға ұсыну алдында Т.Жұртбаевтың «Бесігіңді
түзе» портрет-эссесіндегі материалдарды (яғни «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат»
әңгімелерінің өмір шындығынан алынғандығы) қосымша оқуға беру, ол туралы арнайы әңгіме
қозғаудың маңызы ерекше.
Сын-зерттеу еңбектерінен көркем туынды туралы жақсы пікірлерді оқып беріп
(көрнекілік ретінде жазып қоюға болады немесе оқуға берілгелі отырған шығарманы
күйтабақтан тыңдату, бар болса) немесе ол туралы салынған сурет, иллюстрациялармен
таныстыру да тиімді болмақ. Бұлардың барлығы оқушылардың сезіміне әсер етіп, ой
туғызады, оқушы сезіміне әсер етіп, көркем туындыны қабылдау процесіне, сөз жоқ, игі
ықпал етеді. Сондай-ақ қарама-қарсы пікірлер, не эпизодтарды, оқиғаларды да сәтті пайдалана
білудің тиімділігі зор. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқу, талдау
барысында осындай тәсілдерді көп пайдалануға болады. Бөжей бейнесіне талдау жасау
барысында оқушыларға оның да рулық-патриархалдық қоғамның бір өкілі екенін дәлелдеу
үшін, сол туралы оқушыларға ой салу мақсатында Бөжейге қатысты Абайдың бірнеше пікірін
мысалға келтірген дұрыс.
1. «Бөжейді іштей жоқтап, оған іштей тілектес болып жүрген Абай оны халық ұлы деп
жоқтай ма, әлде әкесінен жапа шегуші деп қана жоқтай ма? - деген оқушыны ойлантатын
сұрақ-жауапқа жетелеу үшін Бөжейдің Кәмшат өлімі туралы мына сөзін мысалға келтіруге
болады. «Сыншыға сылтау таба алмай отырған Құнанбай ғой. Қаршадай кыз өлді деп сауын
айтып, ас беруші ме ем? Тіпті берсем де, басым сырықтан арылар ма еді?» Кінәласа, күн тілесін
енді менен. Бірақ тек әлі жетсе алып көрсін! - деп, Бөжей бір-ақ томырылды». (Эпопеядан
үзінді. 1-кітап.)
Құнанбайдың Кәмшат жайын естіп-біліп, Абай наразылығына байланысты айтылған:
«Менің балам адамзат шаласы емес, өштескен қасқырдың күшігіндей көрінгені ғой. Көрге
бірге кететін жаулық десеңші мынаны, аузына осы тірі жүрген ұрпағымнан қайсысы түссе
де, шайнап тастағалы, көзге шұқып, жоқ еткелі тұр ғой мынау: Жалғыз-ақ тәуекел тостым,
күттім артын», - деген сөздері мен Ұлжанның Бөжей туралы мына пікірлерін қатар алып
карастыру - тиімді тәсіл. Қарқаралыға аттанып бара жатқан Абайға анасы былай дейді:
«Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін... «Күндестің күні күндес» дегендей, сен
білмей-ақ қой. Бөжейді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Кім тентек, кім мақұл, қайдан білсің?
Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!». Немесе, әйелдер бейнесін оқу барысында: «Қалай ойлайсыңдар,
Ұлжан бақытты ана ма?» деген сұрақ қоя отырып, оның да феодалдық қоғамдағы әйелдер
теңсіздігін басынан мол кешкен әйел екендігін дәлелдеу мақсатында әрі оқушының ол
туралы ойына қозғау салу үшін Ұлжанның өз сөздерін мысалға алуға болады. Мысалы, 1-
кітапта сақаға таласқан Смағұлға ара түсіп, шаптыға келген Айғызды Абай жаратпай, сол
жайында апасына тіл қатқанда, Ұлжан: «Балам-ай, күндестің аты - күндес те! Қу жараны жалап
жазған боламыз да. Әйтпесе, менің де қай сырымды біліпсің!» - дейді.
«Тайғақта» бөлімінде қажыға аттанып бара жатқан Құнанбаймен қоштаса отырып,
оған деген өкпе-назын жасырып қалады. Ол эпопеяда былай беріледі: «Мырза, мынадай
сапарыңа кінә түгіл, наз ертсем, оным білместік болар еді. Әйел еркекке ене бауырындағы
құлындай жарасып жүріп те, не шеттеп, тайталасып жүріп те сүйеніп өседі. Ерден әйел
жамандық та алады, қасиет те алады. Мінім болсын, өзгем болсын, бір жағы өзіңнен еді, ұзақ
дәурен кешіп келіп, бүгін сен ырзалық айтып аттансаң болады. Сенімен енді кеп кінәласам ба,
мырза!» - деді. Ұзақ өмірде күйеуінен кешкен көп реніші есінде тұрса да, ашпады. «Ділдә
қандай
кейіпкер,
ол
туралы
пікірің?»
-
деген
сұраққа
оқушылар
бірден оның кемшіліктерін теріп ала жөнеліп, «ұнамсыз» топқа жатқызады. Сол кезде
36
мұғалім Әбіштің анасы Ділдә туралы мына бір ойын кітаптан оқып, оқушыларды жауапқа жетелегені
дұрыс. Петербордан келген Әбіш кайтыс болған әжесі Ұлжанға кұран оқыта барады. Сол кезде
Ділдә ананы жоқтап,ұзақ жылайды. «Ділдәні зарына Әбіштей сезімтал бала үшін, өмірдің көп
реніші, күйініші де танылады. Ол әділетсіз тірлікте үнемі жазықсыз жапа шеккен жандай
көрінеді» - дейді автор (156-бет, 3-кітап).
Міне, осындай бір-біріне кереғар оқиғалардан мысалдар ала отырып, оқушы ойына қозғау
салып, дұрыс бағыт беруге болады. Осындай жұмыстардан кейін оқушының Ділдә туралы
бір жақты пікірі өзгеріп, оны «ұнамсыз» бейне деп қатал айыптағаннан гөрі, Ділдәнің сол
«ұнамсыздығына» кінәлі - өз ортасы, қалыңмал, бас бостандықтың жоқтығы екендігін
аңғарады. Оқушылардың оқырман ретіндегі пікірін, ойын айта біл уг е жетелеу дің
жолы көп, оны жоғарыда да ескерттік. Сондай тиімді жолдардың бірі - көркем туынды
туралы бірнеше ғалымдар пікірін қатар қоя отырып, ойландыру. Абайдың табиғат лирикасы
туралы (10-сынып), М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Х.С үйіншәлиев, т.б. ғалымдар пікірін
келтіріп: «Осы пікірдің кайсысы өзіңе ерекше ұнады, кайсысы бағалы деп ойлайсың?!...
деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың ойлау белсенділіктеріне әсер етудің тиімділігі бар.
Бұл жұмысты мына үлгіде жүргізуге болады (жазбаша да, ауызша да, мұғалім қалауы
бойынша):
М. Әуезов
«Абай
Құнанбаев»
Қ.Жұмалиев.
«XIII-XIX
ғасырлардағы
қазақ әдебиеті»
(Абай бөлімі)
Х.Сүйіншәлиев.
«Қазақ
әдебиетінің
қалыптасу кезеңі»
(Абай бөлімі)
Кімнің пікірі,
қай
пікірі
ерекше
ұнайды?
Өз
пікірің
туралы
сөз
қозға
Достарыңызбен бөлісу: |