37
дәлелдене отырып, жүргізілуі керек Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ
тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар:
а) автор ізімен талдау, бұны тұтастай, толық талдау дейді;
ә) кейіпкерлерге талдау жасау және тақырыпты проблемалық талдау.
Көшпілік мұғалімдер аралас талдауды (осы үш талдау элементі түйіскен) тиімді деп
табады. Дегенмен осы талдаулардың қайсысына сүйенеді, қайсысын тиімді деп табады, оны
мұғалім шешеді Мұғалім өзі талдағалы отырған көркем шығарма ерекшелігіне, көлеміне,
жанрына, оқушыларына байланысты талдау түрлерін таңдап алады. Бір шығарманы автор
ізімен талдаса, екінші шығарманы образды талдау түрімен жүргізеді. Немесе көлемді
шығармаларға аралас талдауды қолдануы мүмкін.Талдаудың кай түрі болсын, ол ең
алдымен балаға қонымды, қиындық келтірмейтіндей дәрежеде жүргізілуі керек. Бұл жерде
мұғалім даралап оқыту талаптарын ұмытпағаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: