48
сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін косып) роман,
эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда
мүғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі
мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде
талдау мүмкін емес. Сондықтан, әсіресе, осындай көлемді шығар-маларды оқыту үшін,
мұғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек,
талдаудың, кай түрі тиімді, кандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ, міне, осы мәселелерге
мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып автормен
«кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі,
эмоциясы, дүниетанымы арқылы қабылдайды, ал мұғалім мақсаты - сол алғашқы, өзіндік
қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады.
Көлемді шығармаларды талдауда да мүғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден коюы
керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін
сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана
талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті,
композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол терендей түседі,
авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары
сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде
тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: