47
портретін Абай сезімі арқылы беру - ол жазушының өз стилі ерекшелігі, солай беру
жазушыға ыңғайлы десе, енді біреуі Абайдың Құнанбайды ұнатпауы оның іштей
Құнанбайға берген осы портретінен анық көрінеді, сондықтан жазушы Құнанбай
портретін жасауда осындай әдіс-тәсіл пайдаланған деді. Осы болжамдарды негізге ала
отырып, бұл пікірлердің шындыққа жанасатын жерлеріне көңіл бөле отырып, Құнанбай
портретінің Абай сезімі арқылы берілуінде терең идея, түйін жатқандығын түсіндірдік.
Яғни Құнанбайдың суық портреті, үй ішінің сүреңсіз ала көлеңке келбеті Абайға ерекше
жат, үйде-гілердің әңгімесі де жат. Абайдың әкемен келіспеуі, екеуінің жолы болашақта екі
жаққа айырылатыны Абайдың оған деген суық сезімі арқылы берілгені, ал Мұхтардың
Құнанбай портретін Абай сезімі арқылы көрсетуі оның шеберлігі екені айтылды.
Алтыншы сұрақ бойынша оқушылар 1-кітап пен 2-кітаптың ең соңғы абзацтарын
мәтіннен оқып, ол абзацтардың астарлы мағынасына назар аударды. 1 -кітаптың
аяғындағы «Жас шынар» - яғни «қыс та, аяз да қатерлі емес жас шынар» ол Абай екенін,
тіпті осы абзацтың кітап бойынша Абай бейнесіне берілген қорытынды екенін
оқушылардың өздері түсіне, қорытындылай білуіне назар аудардық.
Осы бір сөздер Абайдың халық үшін күрескер дәрежеге көтерілгенін, халық мұңының,
халық жоғының жоқтаушысы дәрежесіне көтерілгенін айқындайтынын қорытындыладық. Ал
жазушының негізгі идеясы осы екі абзац арқылы Абай жеткен межені болжайтынына
оқушылар ойын, танымын топтастырдық.
Жетінші сұрақтың ең негізгі түйініне,
ЯҒНИ
Абай жеткен биіктік, сол биіктікке көтерілу
сатылары, Абайды биікке көтерген объективті жағдайға оқушы назарын аудардық. Мұнда
оқушылар Абайдың өз бетінше оқып-үйренуі, орыс достары, Михайлов, орыстың озық
мәдениеті мен әдебиеті, оның Абайға әсері Татьянаны қазақ сахарасына алып келгенін,
ал бұл биіктік:
-адамгершілік биігі,
-мейірімділік биігі,
- ақындық биігі,
- демократ-ағартушы, философ биігі екенін ойша пайымдады.
Сабақ кезінде әр топ жетекшісі өз тобында тапсырманың орындалу нәтижесі туралы
хабарлап, қандай мәселе оларға қиын тигенін, сол бойынша көмек керек ететіндерін ортаға
салды. Олардың жауабын талдап, қиын тиген мәселені сынып болып талқыладық.
Міне, осындай жұмыстар оқушылардың танымын, ойлау белсенділігін арттыруда ерекше
тиімділік көрсетті. Топтық-практикалық жұмыстар проблемалық жағдаятты оқушылардың
өз
бетімен шешуіне, өз бетімен негізгі мәселе айналасында ізденуіне де өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: