68
тақырыбы, идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне карай топтап алып, талдау
керек. Мысалы, алғашқы әңгімелерінің ішінен «Қорғансыздың күні» «Жетім», «Оқыған
азаматта» көтерген проблемалары негізінде «М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі
қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды?» деген ортақ
сұрақпен талдауға болады.
Сыныпта талданғалы отырған шығармалардыыың санына байланысты топ-топқа
бөліп, берілген әңгімелерді өз беттерімен оқып келу, талдауға жұмылдыру керек.
Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып келгендіктен, өз беттерімен
талдауға ұсыну тиімді болмақ. Жоғарғы сыныптарда көркем шығармаларды өз беттерінен
талдауға көп көңіл бөлу дұрыс.
Осы үш әңгіме бойынша ортақ мәселе – қорғансыз тағдыры. С. Мұқанов айтқандай:
«М.Әуезов өзінің алғашқы әңгімелерімен-ақ қазақ прозасын еуропалық дәрежеге жеткізді».
Еуропалық прозаның әлемдік алыптары: Бальзак, Мопассан шығармаларында ақша, тек
қана ақша билеп тұрған буржуазиялық қоғамда махаббат та, ар да, отбасылық қарым-қатынас
та әке мен баланың махаббаты да - бәрі-бәріне ақша үстемдік ететіні айдай шындықпен
көрсетіледі. Жалғыз қызы үшін бәрінен айырылып, ешкімге керексіз боп, жалғыз қалған Горио
әкей (Бальзак), тағдыр жезөкше етсе де, адамдық рухынан, мейірімділіктен ада болмаған
Пышка, т.б. (Мопассан) - бәрі-бәрі де қорғансыздар. М Әуезов қорғансыздары да сахара
тағылары, жауыздарының құрбаны болып көрсетіледі. 13-тегі сәби, қорғансыз Ғазиза жалғыз
ұлдан айырылып, тас бауырлар түбіне жеткен бейшара ана, жетім Қасым тағдырлары -
жеке адамдар жеке қорғансыздар тағдырлары емес, ол өркениет пен™жзм дәш кектемей
жатқан, мал, байлықка деген аш көздік жайлаған сахара, дала, онын қорғансыздарының
тағдыры әңгімелер негізіндеп осындай басты-басты проблемаларды дәп тауып, тұжырымды,
нақты ғана талдау жасау - жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің ең бір өзекті мәселесі.
Проблеманы шешу төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ.
- Қалай ойлайсыңдар, осы үш әңгімеде де қорғансыздар тағдыры сөз болады деп
жатырмыз. Жазушының оларға көзқарасы қандай? Қорғансыздарын қорғай ма, қорғаса, қалай
қорғайды?
- Үш әңгімеде де бас кейіпкерлер тағдыры трагедиямен аяқталады. Авторлық осы шешімге
қосыласыңдар ма?
- Жазушы шеберлігі, стилі туралы не айтар едіңдер? Деталь, штрихтердің әңгіме идеясын
ашудағы маңызы бар ма? (дәлелде).
Е с к е р т у: Барлық жауап шығармалардан нақты мысалдар ала отырып, берілуі
керек.
Ғылыми еңбектер, сыншы, әдебиетшілер пікірлеріне иек арту, сол арқылы
тақырыптың ғылыми жағына назар аударып, білімді тереңдете беру де жоғары
сыныптарда әңгіме жанрын өтудің бір маңызды жағы. Салыстыру, өз беттерімен қорытынды
жасау, пікір айтыстыра білуде де мұндай жұмыстардың маңызы зор. Мысалы, осы сабақта
ғылыми еңбектер, әдеби пікірлерді ұсына отырып, реферат, пікір жаздыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: