Абай
Құнанбай
Бөжей
«Адамшылық ра-
хым кайда? Өзге
«Тіпті жазықты
«Құнанбай жаққан
емес, ақылсыз, на-
болсам, мен жа-
өртке менің арым өр-
дан қатыны емес,
зықты шығармын.
тенді. Не жаны жүр
Бөжей өзі істеді ме
Бесіктен шығарып,
деп ойлайды екен шы-
екен? Көз алдында
соншалық жазық-
адам ұлы деп, соның
бауырына берген
бын
кеудемде.
Әлде
өзгелер үйелменімен
сыз
нәрестені
ұзақ
өлімге бұйырып, сол үшін
және бит-
балам жазықты ма?
Қатын-қалаш, ауыл-аймағына
тым құ-
өртенсе де, өзімнен бұрау-
сынбасын дей ме? Құнанбайдан
не шық-
тей де шімірікпеу
рыса соны ұғынды-
ты? Шашыраған бір
не деген қаттылық?
ра алмаса, Бөжей-
ұрығы ма? Сұрау сал-
Ендеше, жауығып,
дің аяқтағы суға
май, мазамды алмай,
қарсыласып жүр-
ағып өлгені ғой» (1-
тек жүрсін, күйдірме-
ген Құнанбайдан
кітап, 179- бет.)
сін ағайын» (179-бет).
қай қасиетімен арт-
«Қаршадай қыз өлді
ты? (1-кітап, 179-
деп сауын айтып, ас
бет.)
беруші ме ем?! Тіпті
берсем де, басым сы-
рықтан арылар ма
еді? Кінәласа, құн ті-
лесін менен» ( 1 -кітап,
181-бет.)
Оқушылар іштей оқып, ойланып болған соң, осы мәтіндерді салыстыра отырып,
Бөжейдің де үстем тап өкілі екендігін, бірақ Құнанбайлар мықты ру болса, Бөжейлердің одан
әлсіз ру екенін, бұлардың арасындағы дау, тартыс рулық-патриархалдық заман сипаты
екенін ашып, қорытындыладық. Мұндай мәтін арқылы салыстырмалы жұмыс жүргізу
кейіпкер характерін ашуда, оған нақты, дәлелді түрде мінездеме беруде өте тиімді әдіс.
63
Сондай-ақ әдебиет сабағының нағыз өзегі - көркем мәтінмен жұмыс десек, өз тәжірибемізде
оны басқа да жұмыс түрлерімен ұштастырып отырудың тиімді әрі ғылыми негізде болуын
үнемі қарастырып, мүмкіндігінше іске асырып келеміз.
Талас пікірлер, әсіресе, 3-сұрақ айналасында көбірек өрбіп. Кейбір оқушылардың
топтар арасындағы қайшылық пен феодалдар арасындағы рулық тартысты шатастырып
жүргені анықталды. Дұрыс ойлар айтқан оқушылардың пікірлерін басшылыққа алып,
Бөжейлер де үстем тап өкіл-дері екеніне, олардың арасындағы тартыстың таптық мәні жоқ,
жерге, байлыққа таласу, күшті рудың өзінен әлсіздеу руға істеп отырған қыспағы екеніне
оқушылардың көзін жеткіздік.
Сонымен қатар Дәркембай, Базаралылар сөзінен алынған үзінділерді мәнерлеп
оқыдық. Базаралының «Көл жолындағы» өзін айыптаушыларға айтқан сөзін үнтаспадан тыңдадық
(2-кітап, 137-6.). Осыдан кейін барып сұрақтарды талқылауға кірістік. Оқушылардың Базаралы,
оның іс-әрекеті туралы пікірі әр түрлі екеніне көзіміз жетті. Әңгіменің баяндау әдісімен Дәркембай,
Базаралылар істерінде тап күресінің сипаты бар екенін түсіндірдік. Әрине, олардың санасы жан-
жақты өскен, шынайы күрескер емес екеніне, оған себеп, сол заманғы қоғамдық орта екеніне,
бірақ солардың іс-әрекеті арқылы жазушы даладағы тап жігінің тереңдеп бара жатқанын
көрсеткеніне баса назар аудардық. Ескі мен жаңа арасындағы тартысты проблемалық
жағдаят, практикалық жұмыстар арқылы талқыладық. Оқушылар төмендегідей проблемалық
жағдаят айналасында ізденді: «Эпопеядағы әкелер мен балалар мәселесі».
Содан соң оқушылар назарын Әбіш пен Абай арасына аудардық. Оқушылардың Әбіш -
Абай арасының Абай - Құнанбай арасынан өзгешелігі, айырмашылығы туралы
пікірлерін тыңдадық. Ең алдымен Әбіш - Абай диалогтерінен («Өкініште», 189-190-6.,
«Қақтығыста» 394-6.) үзінділер оқыдық. Әбіш жайлы Абайдың арманы мен үмітін
(«Қақтығыста», 306-6.) мәнерлеп оқып, оны Құнанбайдың Абайға айтқан қарғысымен
салыстырдық.
Осы үлгідегі үлестірме-нұсқаулар Абай - Мағаш, Тәкежан - Әзімбайлар арасьшдағы
проблемаларды түсіндіруде де пайдаланылады. Осындай нақты мысалдарға жүгіну
оқушыларды кітаппен жұмысқа, көркем туындыны ғылыми түрде талдай білуге, оның
негізгі проблематикаларын саралай білуге жетелейді. Құрғақ, дәлелсіз болжам жасаудан,
үстірт пікірлерден сақтандырады.
Эпопеядағы әкелер мен балалар проблемасы туралы сөз еткенімізде, жоғарыдағы үзіңді-
материалдар жақсы нәтиже берді. Енді Абай мен Құнанбай, Әбіш пен Абай арасындағы
мәселелер төңірегінде оқушылар жауабынан бірер үлгілік үзінділер бере кетейік:
Б.: - Абай - орыс мәдениетін қазақ даласына таратушы, артынан Дәрмен сияқты жастарды
ертуші, прогресс басшысы. Ал, Құнанбай - ескі заманның, феодалдық қоғамның қатал
сақшысы. Олай болса, жазушы тек әке мен баласының проблемасы емес, замана проблемасын
берген.
Қ.: - Менің ойымша, Әбіш - Абай арасы да тек әке мен бала арасы емес, одан тереңірек
мәселені қамтитын сияқты. Әбіш - Абай армандаған жаңа заманның басы, өзі сепкен прогресс
дәнін ілгері апарушы. Тіпті Әбіш арқылы жазушы революциялық-демократиялық ағымның
қазақ даласына тарап келе жатқанын көрсететін сияқты.
Оқушылар пікіріне үңіле отырып, жазушының ескі мен жаңа, әкелер мен балалар
проблемасын көрсетудегі мақсатын түсіндірдік. Тақырыпты бүгінгі өмірмен
байланыстырдық. Абай ұрпақтары Абай армандаған заманда өмір сүріп жатқанына
тоқталдық.
Ары қарай сабақ кіріспесінде талқылаған сауалнама сұрақтарына қайта оралып,
Құнанбай типтестерге тағы кімдерді жатқызуға болатынын сұрадық.
3.: - Құнанбайлар типіне Оразбай, Дайыр, Тәкежан, Сәмен, Майбасар, Әзімбайлар
жатады.
- Енді осы пікірлеріңді дәлелдеу үшін, мына кесте-плакатты (эпопеяның негізгі
оқиғалары қысқа ғана көрсетілген көрнекілік) басшылыққа алыңдар.
64
Л.: - Оразбайдың іс-әрекеті арқылы оның үстем тап өкілі, Құнанбай ісін жалғастырушы
екенін дәлелдеп көрейік. Біріншіден, «Қастықта» бөліміндегі Абайды масқара жазаға
ұшыратушының ең кінәлыларының бірі осы - Оразбай. Екіншіден, «Шайқаста» бөлімінде
Абай өлеңін айттың деп, затон жұмысшысы Сейітті тірідей көміп тастаған кім? Ол да
Оразбай...
Т.: - Меніңше, осы Құнанбай типтестер ішінде Сәменнен өткен ұнамсызы жоқ қой
деймін. Ол туралы 4-кітаптың 275-бетінде былай делінген: «Сәмен жастау, ызасы қатты буып
жүрген, Оразбайдың анық қанды көйлек, қарашоқпар сыңары болатын». Міне, осы сұм ақыры
Абайға қол жұмсайды.
Оқушылар пікірін негізге ала отырьш, Құнанбайдың «шымылдық артында» қалған
өмірінің жалғасы - Оразбай, Әзімбайлар, олардың тіпті Құнанбайлардан да өткен жауыз
екеніне, ұлы Абайдың басына түскен небір қиындыктың, халық басына түскен небір
ауыртпалықтың бірден-бір кінәлылары осылар екеніне тоқталдық. Бүкіл өмірін осындай
топас, әрі жауыз топқа қарсы күреспен өткізген Абай тағдырын еске түсірдік.
Кесте-плакатты пайдаланып, Абайдың үстем таптармен болған күресін, ол қай оқиғада,
қай бөлімде көрсетілетінін саралап, жинақтадық. Қорытындыда практикалық жұмыстарға
орын бердік. Кодоскоптан төмендегі сызба көрсетілді. Оқушылар төмендегі сызбаны ауызша
толтырды. Ең алдымен өткен сабақта қорытындылаған Абай жолын көрсеттік. Оқушылар
салыстыра отырып, Құнанбай жолын былай саралады:
Құнанбай жолы -
1.Қаталдық жолы.
2.Әділетсіздік жолы.
3.Бітіп бара жатқан ескі жол.
4.Ата ұлының, феодалдық қоғамның
жолы.
5.Өзімшілдік жолы.
6.Дін жолы.
7.
Шымылдық артындағы өріссіз
жол.
Оқушылар өткен сабақтағы пікір, болжамдарын еске түсірді. Оны жаңа сабақтан алған
білімдерімен байланыстырып, Құнанбай жолын осылай қорытындылады.
Ү й г е т а п с ы р м а :
Үй тапсырмасы саралап оқытуды басшылыққа алуға негізделіп берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |