Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Оның зерттеу нысаны - стиль.
Стиль терминінің мазмұны терең, қолданылу аясы кең. Бұл сөзді көркем өнер
саласында,
архитектурада,
әдебиетте,
лингвистикада
қолданады.
Лингвистикаға байланысты «стиль деп тілдегі лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық тәсілдердің дұрыс қолданылу принциптерін айтамыз».
Сөйлемдегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының,
сөздердің сөйлемде орналасу тәртібінің, тіпті сөздегі дыбыстардың өзара
үйлесімділігінің де белгілі бір стильдік мәні бар.
Жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасқан әдеби стильдің екі түрі
бар: ауызекі сөйлеу тілінің стилі және кітаби-жазба стиль.