Кітаби-жазба стиль - қоғамның әр түрлі саласында өзіндік қолданылу
аясы нақтыланған стиль түрі. Әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс
аясына қарай: ресми құжаттар және іс қағаздары стилі,публицистикалық стиль,
көркем әдебиет стилі және ғылыми стиль болып бөлінеді. Стильдің бұл түрлері
қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан, тілдік құралдар
екшеліп, сұрыпталып қолданылады.
Стильдік ерекшелігі:
1. Қолданылу аясы: қоғамның әр түрлі саласы (әр түрлі ресми-әкімшілік,
кеңселік қатынастарда, ақпарат құралдарында, ғылымның әр түрлі саласында
түрлі мақсатта, әдеби көркем шығармаларда т.б.)
Кітаби жазба стиль түрлерінің бәріне ортақ белгілері:
- логикалық жүйелілік сақталады;
- ойдың нақтылығы, дәлдігі, айқындығы, түсініктілігі сақталады;
- стильдің қай салада қолданылатыны ескеріліп, тілдік материалдарды қолдану
заңдылықтары сақталады;
- жалпыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек.