63
ІІ бөлім. Ғылыми стильдің жанрлары
1. Ғылыми мәтіннің құрылымы
Ғылыми мәтіндегі мәліметтердің берілу жүйесі мен оның ішкі
бөліктерінің орналасу ретін, ерекшеліктерін білу ғылыми мәтінмен жұмыс
істеуді жеңілдетеді. Яғни, ізденуші реферат, түсініктеме, конспект немесе
аудармамен айналысып жұмыс жасағанда, уақыт үнемдей отырып, қажетті
материалды тез, дәл таба алады.
Ғылыми мәтіннің құрылымы сыртқы және ішкі элементтерден тұрады.
Ғылыми мәтіннің ішкі құрылымы элементтеріне экскурс, тақырыптық шегініс
және авторлық бағалау жатса, сыртқы құрылымы элементтеріне аталуы, түйін,
кіріспе, бап, тарау, қорытынды жатады. Сонымен, мәтіннің құрылымы деп
мәлімет беру мақсатында өзара күрделі байланысқа түскен тілдік
элементтердің жиынтығын айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: