Құрылымның ішкі элементтері Экскурс - сөз болып отырған ғылым саласына байланысты, жанама
мәселелерден хабардар ету, соған шолу жасау. Тақырыпқа жанама мәселелер
ретінде мәселенің тарихы, жалпы қоғамдық, әлеуметтік, саяси,
қаржыландыру мәселелері қарастырылады. Экскурс таза ғылыми мәтіндерден
гөрі жалпы жұртшылыққа арналған ғылыми-көпшілік мәтіндерде кездеседі,
себебі таза ғылыми мәтіндер көп сөзділіктен гөрі, нақты тұжырымдарға
негізделуі тиіс.