88
Мысалы, 5000 сериялы Intel Xeon – ең жиі кездесетін процессор. Xeon
E5502 моделінің екі ядросы бар, жиілігі 1 866 МГц, жылу бөліну 80 Вт тең.
Бұл процессорларды энергосақтау немесе есептеу қуатына көтеріңкі талаптар
қойылмайтын жерлерде қолдануға болады. Xeon 5603 сериясының сондай
жылу бөлінуі кезінде төрт ядросы болады, сол себепті серверде бірнеше
қосымшаны іске қосуға және виртуалдандыру үшін қолдануға болады. Бұл
процессорлардың кэш шамасы мен мүмкін болатын ең аз жиіліктері оларды
қолжетімді қылады, бірақ математикалық есептерде әлсіз болады. Егер
серверге жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік болса және егер қалыпты
дерекқоры 1С бірнеше пайдаланушыға немесе веб-сервер жұмыс жасайтын
болса, онда мұндай өнімділік жеткілікті.
Кеңінен таралған сериясы – Xeon X5x00 – 12 Мбайт кэшқа дейін және
CPU-дағы 12 дейінгі бір уақыттағы есептеу ағынына қолдау көрсетеді. Веб-
сервер, пошталық сервер үшін, шағын дерек қорды өңдеу және индекстеу
үшін кез келген екі Intel Xeon X5x00 процессорлары, және біреуі де жетіп
қалатын сияқты. Егер виртуалдандыру қарқынды пайдаланылатын болса,
төрттен артық ядролары бар процессорды таңдау керек (бір ортадағы веб-
хостинг немесе бірнеше сервер). Физикалық ядро санына емес, Hyper
Threading технологиясын пайдаланумен ағын санына көңіл бөлу керек.
Мұндай процессорлардағы CPU жиілігі нақты есептердегі өнімділікке қатты
білінбейтіндігін есте сақтаңыз. Intel Xeon X5690 секілді алты ядросы мен 12
ағыны бар белгілі процессорларды сервер бірнеше көпағынды есепті
біруақытта өңдеп жатқан кезде таңдау қажет. Мысалы, қуатын пайдалануға
қосымша нақты бапталған, егер бұл бірнеше дерекқормен жұмыс жасағандағы
индекстеуші сервер немесе арнайы қосымшалы сервер болса, ірі
матрицалардың математикалық есептерін шығарады, рендерингпен немесе
физикалық модельдеумен айналысады.
Серверлерге орнату үшін Core i7, i5 процессорларын пайдалану
ұсынылмайды, себебі Core i7 тегінен бастап, олар
функционалдары бойынша,
оның ішінде ЕСС мен кейбір кәсіби
функцияларын қолдау бойынша
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: