RAID-контроллерлары қалтқы дисктер тобынан бұзылуға тұрақты
ауқымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұзылуға тұрақтылықтың түрлі
деңгейлері бар, бірақ ең көп таралғандар келесілері:
■
0 деңгейі (striping) – деректер блоктары дәйекті түрде бірнеше дискке
орналастырылады, жылдамдықта ұтысқа иеленеді, бірақ бұзылуға
тұрақтылықсыз, яғни винчестердің біреуі тоқтап қалған кезде,
пайдаланушы барлық ақпаратты жоғалтады. 0 деңгейін деректердің
жоғары жылдамдығы қажетті болған жерде жиі қолданады, ал деректердің
сақталуы маңызды емес (мысалы, бейненің сызықты емес монтаждауы);
■
1 деңгейі (mirroring) – дисктер жұпқа біріктірілген және бір бірінің нақты
көшірмесі болып табылады, берілген деңгей үшін кем дегенде екі диск
қажет етіледі. Дискілік кеңістіктің 50
% жоғалтылады, бірақ бұзылуға
тұрақтылыққа қол жеткізіледі. 1 деңгейі күрделі аппараттық жүйелерді
пайдаланусыз деректерді сақтау талап етілетін жерде қолданылады;