89
Serial ATA
PATA интерфейсінің ізбасары болып табылады. Жаңа
стандартта 150 Мбайт/с дейін өткізу қабілеті кеңейтілген, дисктерді қосу үшін
жаңа жалпақ кабельдер қолданылады. SATA стандарты жинақтауыштардың
«ыстық» қосылуына жол береді, мұнда контроллер ішіне командалардың
кезегін оңтайландыру механизмі салынған, ол енгізу-шығаруды барынша
үдетеді. PATA интерфейсінен айырмашылығы, SATA стандартында бір
арнаға тек бір құрылғы қосылады. SATA мен PATA интерфейстері физикалық
түрде үйлесімсіз, бірақ бөгде фирмалар интерфейстердің түрлендіргіштерін
жасап шығарды.
SCSI
интерфейсі дәстүрлі серверлі жүйелерде қолданылды. Оның
артықшылықтарына бір арнаға 15 дейін құрылғыны қосу мүмкіндігін, жоғары
өткізу қабілетін (320 Мбайт/с дейін), процессорға жүктемені төмендететін
шина арбитражының технологиясын, командалар кезегін оңтайландыруды
жатқызуға болады. Берілген ерекшеліктері арқасында енгізу-шығару
операцияларының көп мөлшерімен байланысты тапсырмалар үшін SCSI
мінсіз интерфейс болып табылады. SCSI интерфейсті қалтқы дисктер ереже
бойынша шпиндельдің үлкен айналу жылдамдығына ие – минутына 10 000
немесе 15 000 айналым, ол деректерді іздеу мен жіберу жылдамдығын
көбейтеді. Берілген интерфейстің минусына сақтаудың жоғары бағасын
жатқызуға болады (SCSI қалтқы дисі сондай сыйымдылықты SATA немесе
PATA жинақтауыштарына қарағанда 3-4 есе қымбат). SCSI дискілерінің
физикалық интерфейсі екі түрлі болады: SCA интерфейсі – 80 түйіспелер
(«ыстық» ауыстыруға қолдау көрсетіледі), 68-түйіспелі интерфейс (ыстық
ауыстырусыз).
Достарыңызбен бөлісу: