Мониторлар. Монитор (дисплей) – мәтіндік және графикалық
мәліметтерді көзбен көруге арналған стандартты шығару құрылғысы. Қызмет
ету қағидасына байланысты мониторлар төмендегідей бөлінеді:
■
Электронды-сәулелік түтігі бар монитор;
■
Сұйық кристалды дисплейлер;
■
газоплазмалық.
Электронды-сәулелік түтігі бар монитор теледидарға ұқсайды.
Электронды-сәулелік түтік әйнек колба түрінде электрондық-вакуумды
құрылғы болып саналады, қылтасында электронды түтік, түбінде – люмино-
фор қабатты экран. Қыздырған кезде электронды зеңбірек электрондар
ағынын түзеді, олар жоғары жылдамдықпен экранға қарай қозғалады.
Электрондар ағыны (электронды сәуле) фокустайтын және итеретін орама
арқылы өтеді, ол электронды ағынды экранның люминофор жабынының
белгілі бір нүктесіне бағыттайды. Электрондар әсерінен люминофор
қолданушы көретін жарықты береді. Люминофор электрондар ағынының
әсерінен кейін сәулелену уақытымен сипатталады. Электронды сәуле экранды
солдан оңға қарай және жоғарыдан төмен қарай сызғылап өте тез
қимылдайды. Экран бойымен қозғалыс кезінде сәуле кескін шығатын
люминофор қабатының қарапайым аумағына әсер етеді.
53
Сәуле қарқындылығы ұдайы өзгеріп, экранның қажет аймақтарының
сәулеленуін қамтамасыз етеді. Сәулелену өте тез жоғалатындықтан,
электрондық шоқ экранды қайта қалпына келтіріп, үздіксіз жүгіріп жүруі
қажет.