54
Бұл пассивті матрицалы дисплейге қарағанда көріністің әлдеқайда
жарқын болуын қамтамасыз етеді, өйткені әр ұяшық импульстік емес
тұрақты электрлік өріс ықпалында әрекет етеді. Сәйкесінше белсенді
матрица энергияны көп пайдаланады. Оның үстіне әр ұяшық үшін жеке
транзисторлық кілттің болуы өндірісті қиындатады да олардың бағасы
жоғары болады.
Матрица
– LCD-монитордың маңызды бөлігі, ол түгелдей көрініс
сапасына әсер етеді (сурет - 1.25).
Көп жағдайда СК-мониторларда екі түрлі жабын қабаты қолданылады:
жалтырақ және күңгірт (антиблик). Жалтырақ жабын визуалы түрде жақсы
көрініс береді. Түстер қанық және айқынырақ көрінеді. Дегенмен осындай
жабынды мониторлар кіршең және жарықтану дұрыс болмаса жарқылдар
және шағылыс көрініп тұрады. Күңгірт жабында түсетін жарықтың
шашырауы арқасында жарқылдар болмайды, өте жарық жерде жұмыс
жасағанға өте ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: