Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


  –  ұяшықтарды бөлгіш;  5



Pdf көрінісі
бет54/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   233
Байланысты:
foreign 638

4
  –  ұяшықтарды бөлгіш; 
5
  –  пиксел; 
6
  –  фосфор; 
7
  – 
адрес электродтары 


 
 
 
55
 
Нәтижесінде VGA-кірісті пайдаланғанмен салыстырғанда сурет әлдеқайда 
анық болып шығады.  
Мониторлардың негізгі параметрлері. Пайдаланушы тарапынан қарағанда 
монитордың  негізгі  сипаттамалары:  диагонал  бойынша  өлшемі,  рұқсат  беру 
қабілеті, регенерация (жаңару) жиілігі және қорғаныс класы.  
Монитор  экранының  өлшемі 
диагонал  бойынша  дюйммен  өлшенеді. 
Өлшемдері  9 дюймнен (23 см) 42 дюймге (106 см) дейін барады. Экран үлкен 
болған  сайын  монитордың  бағасы  да  қымбат  болады.  Кең  таралған 
монитордың  өлшемдері  14,  15,  17,  19  және  21  дюйм.  Үлкен  өлшемді 
мониторларды,  суреттердің  әр  бөлігін  анық  көре  алатындықтан,  үстел  үсті 
баспа  жүйесіне  және  графикалық  жұмыста  қолданған  жақсы.  Жаппай 
пайдалануға жарайтындары 15- және 17-дюймдік мониторлар.
 
Графикалық  режимде  монитор  экранындағы  көрініс  нүктелерден 
(пикселдер)  тұрады.  Монитор  бетінде  анық  және  бөлек-бөлек  шығатын 
тігінен  және  көлденең  барлық  нүктелер  санын  рұқсат  ету  қабілеті  деп 
атайды.  «800х600  Рұқсат  ету  қабілеті»  терминінің  мағынасы  монитор  600 
көлделең  жолақ  және  әр  жолақта  800  нүкте  шығара  алады  дегенді  білдіреді.  
Стандартты рұқсат беру режимдері келесідей:  800 х 600, 1 024 х 768, 1 152 х 
864  және  одан  да  көп.  Монитордың  бұл  қасиеті  экран  нүктесінің  көлемімен 
анықталады.  Заманауи  монитордың  экран  дәні  (нүктесі)  өлшемі  0,28  мм 
аспайды.  Рұқсат  ету  қабілеті  үлкен  болған  сайын  көрініс  сапасы  жоғары,  ол 
әрине  экран  өлшемімен  де  байланысты.  Сол  себептен,  қанағаттанарлық 
көрініс  сапасы  үшін  15-дюймдік  мониторда  80х600  режимінде  нүкте  көлемі 
0,28  мм  шектеле  алады,  14-дюймдік  монитор  үшін  дәл  осы  нүкте  көлемінде 
бейнережимде ұсақ бөлшектер сапасы салыстырмалы түрде нашар болады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет