Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Бағдарламалық қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет11/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

Бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз 
ету  –  ақпараттық  жүйенің  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске 
асыруға,  сондай-ақ  техникалық  құралдар  кешенінің  қалыпты 
жұмыс  істеуіне  арналған  алгоритмдер  мен  бағдарламалардың 
жиынтығын. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сыныптамасы 1.4. 
суретте көрсетілген.  
Жүйелі  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  —  компьютер мен 
есептеу  құрылғыларының  жұмысын  қамтамасыз  етуге  арналған 
бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер жиынтығы.  
Жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етудің мақсаты:  

басқа бағдарламалардың жұмыс істеу операциялық жүйесін 
жасау;  

компьютер  мен  есептеу  желісінің  сенімді  және  тиімді 
жұмысын қамтамасыз ету;  
-  компьютер 
мен 
есептеу 
желісі 
аппаратурасының 
диагностикасы мен алдын алуын өткізу;   
-  қосалқы  технологиялық  процестерді  орындау  (көшірме, 
мұрағаттау, бағдарламалар мен деректер базаларының файлдарын 
қалпына келтіру және т.б.).  
Базалық  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  –  компьютердің 
жұмысын  қамтамасыз  ететін  бағдарламалық  құралдардың 
минималды жинағы (операциялық  жүйелер).  
Сервистік  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  –  базалық 
бағдарламалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін кеңейтетін және  
 
 
 
 
 
 
 
1.4 сур. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сыныптамасы 


18 
 
 
пайдаланушы  жұмысының  анағұрлым  ыңғайлы  ортасын 
ұйымдастыратын  бағдарламалар  мен  бағдарламалық  кешендер 
(компьютерге 
қызмет 
көрсетуге 
арналған 
утилиталар, 
мұрағаттаушылар және т.б.).  
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету функционалдық 
міндеттерді  шешудің  бағдарламалық  аспабы  болып қызмет етеді 
және  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  ең  көп  сыныбы  болып 
табылады. Осы сыныпқа әртүрлі пән салалары ақпаратын өндеуді 
орындайтын бағдарламалық өнімдер енеді. Осылайша, қолданбалы 
бағдарламалық  қамтамасыз  ету  –  пән  саласының  белгілі  бір 
сыныбының  міндеттерін  шешуге  арналған  өзара  байланысты 
бағдарламалардың кешені. Осы бағдарламалық құралдар сыныбы 
ең  толымды,  бұл  адам  қызметінің  барлық  салаларында 
компьютерлік  техника  құралдарын  кең  пайдаланумен, әртүрлі пән 
салаларының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін құрумен 
шарттас.  
Бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  әзірлеу  аспабы  — 
бағдарламалау технологиясын қолдаудың бағдарламалық өнімдері. 
Оның  құрамына  әзірлеудің  аспапты  құралы  болып  табылатын 
мамандандырылған  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  енеді.  Осы 
сыныптағы 
бағдарламалық 
қамтамасыз 
ету 
жасалатын 
бағдарламаларды жобалау, бағдарламалау, дұрыстау мен тестілеу 
процесінің  барлық  технологиялық  кезеңдерін  қолдайды.  Осы 
бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  пайдаланушылары  болып  
жүйелі және қолданбалы бағдарламашылар табылады.  
Бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  құрамына  жалпы  жүйелік 
және арнайы бағдарламалармен қоса бағдарламалық қамтамасыз 
ету  құралдарын  қолдану  бойынша  нұсқаулық-әдістемелік 
материалдар енеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет