Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет14/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

Құқықтық қамтамасыз ету. Құқықтық қамтамасыз ету АЖ 
жасау, енгізу және пайдалану кезінде құқықтық қамтамасыз етуді 
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып саналады.  
Құқықтық  қамтамасыз  етудің  басты  мақсаты  –  заңдылықты 
нығайту.  Құқықтық  қамтамасыз  етудің  құрамына  заңдар, 
жарлықтар,  мемлекеттік  билік  органдарының  қаулылары, 
бұйрықтар, нұсқаулықтар және басқа нормативтік құжаттар енеді. 
Құқықтық қамтамасыз етуде мыналарды бөлуге болады:  
— кез  келген  ақпараттық  жүйенің  жұмыс  істеуін  реттейтін 
жалпы бөлігі;   
— нақты  ақпараттық  жүйенің  жұмыс  істеуін  реттейтін 
жергілікті  бөлігі.  
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезеңінде құқықтық қамтамасыз 
етуге 
әзірлеуші 
мен 
тапсырыс 
берушінің 
шарттық 
қатынастарымен,  осы  процесс  барысында  әртүрлі  ауытқуларды 
құқықтық  реттеумен  байланысты  нормативтік  актілер,  сондай-ақ 
АЖ әзірлеу процесін  ресурстардың әртүрлі түрлерімен қамтамасыз 
етуге қажетті актілер енеді.  
Ақпараттық  жүйелердің  жұмыс  істеу  кезеңінде  құқықтық 
қамтамасыз етуге мыналар енеді:  
-  АЖ мәртебесін анықтау; 
-  ұйымдағы құқықтық жағдайы;  
-  қызметкерлердің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы;  
-  АЖ ақпаратты құру және пайдалану тәртібі;  
-  ақпаратты  тіркеу,  жинау,  сақтау,  жіберу  және  өндеу 
рәсімдері;  
-  есептеу  және  телекоммуникациялық  техниканы  және  басқа 
техникалық құралдарды сатып алу және пайдалану тәртібі;  
-  математикалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау 
және пайдалану.  
Құқықтық  қамтамасыз  етудің  бөлігі  –  ақпараттық  жүйелерді 
қорғау.  Ол  бағдарламаларға,  техникалық  қамтамасыз  етуге, 
құжаттамаға  рұқсат  етілмеген  қолжетімділікті  шектеуді,  оларды 
әдейі  бұзу  мен  қымқырудан  қорғауды,  сондай-ақ  бағдарламалық 
қамтамасыз ету мен деректер базасын рұқсат етілмеген көшіруді 
(таралымын  көбейтуді)  болдырмауды  тұспалдайды.  Қорғаудың 
құқықтық әдістеріне патенттік қорғау, өндірістік құпия туралы заң, 


21 
 
лицензиялық  келісімдер мен келісім-шарттар енеді.  
Патенттік қорғау бағдарламаларды әзірлеуле қолданылған жаңа 
тәсілдемені  немесе  әдісті  әзірлеу  мен  пайдалануда  басымдықты 
белгілейді,  олардың түпнұсқалылығын қанағаттандырады.  
Бағдарлама  үшін  өндірістік  құпия  мәртебесі  пайдалануға 
рұқсат  етілген  тұлғалардың  шеңберін  шектейді,  сонымен  бірге 
құпияны  жариялағаны  үшін  олардың  жауаптылық  шарасын 
анықтайды.  
Лицензиялық  келісім  авторлық  құқықты,  патенттік  қорғауды, 
өндірістік  құпияны  қоса  алғанда  бағдарламалық  өнімдерді 
құқықтық  қорғаудың  барлық  аспектілеріне  таралады.  Ең  жиі 
қолданылатыны  – авторлық құқықтарды табыстауға лицензиялық 
келісімдер (лицензия).   
Лицензия  –  бір  тұлғамен  басқа  тұлғаға  атын,  өнімді, 
технологияны  немесе  көрсетілетін қызметті пайдалануға құқықты 
табыстауға  шарт.  Лицензиар  лицензиялық  төлемдерді  жинау 
арқылы өз табысын ұлғайтады, бағдарламалық қамтамасыз етуді 
немесе  деректер  базасын  тарату  саласын  кеңейтеді.  Лицензиат 
оларды  қолдану  есебінен  табыс  алады.  Лицензияда  ақпараттық 
жүйені 
пайдаланудың  барлық  талаптары,  соның  ішінде 
көшірмелерін  жасау ескертіледі. Бағдарламалық қамтамасыз етуге 
лицензиялардың  бірнеше түрі бар.  
Айрықша  лицензия  —бағдарламалық  немесе  ақпараттық 
қамтамасыз  етуге  барлық  мүліктік  құқықтарды  салу,  сатып 
алушыға  оларды  пайдалануға  айрықша  құқық  беріледі,  ал  автор 
немесе  патент  иесі  оларды  дербес  қолданудан  немесе  басқа 
тұлғаларға ұсынудан бас тартады.   
Қарапайым лицензия — лицензиар лицензиатқа бағдарламалық 
немесе  ақпараттық  қамтамасыз  етуді  пайдалануға  құқық  беріп, 
оларды  қолдану  және  ұқсас  талаптарда  шектелмеген  тұлғалар 
санына  ұсыну  құқығын  өзіне  қалдырады  (лицензиат  тек  сатып 
алынған  бағдарламалық  немесе  ақпараттық  қамтамасыз  етудің 
көшірмелерін  ғана сата алады.  
Этикеткалы  лицензия  —  бағдарламалық  немесе ақпараттық 
қамтамасыз  етудің  бір  көшірмесіне  лицензия.  Лицензияның  осы 
түрі бөлшектеп сатуда қолданылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет