Міндеттерді құрылымдау (құрылатын) — барлық элементер мен
олардың арасындағы өзара байланыс көрсетілетін міндет атауы.
Ақпаратты құрылымдау — нақты ААЖ нысандандырылмаған
құжатталған ақпаратты ұсыну үдерісі.
Тезаурус — дескрипторлардың түсіндірме сөздігі (сөздер мен сөз
тіркестері), мағынасы басқа лексикалық бірліктермен (депкриптор)
байланыс арқылы түсіндіріледі.
Ақпараттарды технологиялық өңдеу үдерісі — ақпараттарды
оның пайда болған мезетінен бастап (жүйеге кірген) қолданушының
тұтынуына дейінгі қойылған мақсаттарға сәйкес ақпараттарды түрлендіру
бойынша өзара байланысты операциялар кешені.