Интернет Технологиясы — гипермәтін түріндегі мәтіндік және
графикалық ақпаратты қарапайы ұсыну тәсілі. Интернет ақпараттық
жүйесінде қолданылады. Интранет (intra— ішкі) жергілікті желілерде
(ішкі) ғаламдық желілер қызметін қолданады.
Бағдарламалау технологиясы — бұл бағдарламалық қамтамасыз
етуді әзірлеу әдістері мен құралдарының жиынтығы.
Сапаны басқару — сапаға қатысты ұйымдардың басшылық ету және
басқару бойынша үйлестірілген қызмет.
Тәуекелді басқару — қолайлы деңгейде тәуекелді қолдау үшін
құралдарды жүзеге асыру және тәуекелді тану және бағалаудың
ұйымдастырылған үдерісі.
Басқарушылық — бағдарламалық өнімнің қолданушыға осы өнімді
басқару және оны бақылау мүмкіндігін беру қабілеті.
ДҚ файл — қандай да бір белгімен байланысты атаулы жазба
жиынтығы.
Фасет — тәуелсіз сыныптайтын топтарды құру үшін қолданылатын
сыныптау аспектісі.
Фреймалар — слоттар: деректер және түб. түрінде ішкі құрылымы
бар пән саласы түсінігіне сәйкес келетін ерекше нысандар.