56
Бірінші тәсілдеме шегінде зерттеу объектісі болып адам миы
жұмысының құрылымы мен тетіктері табылады, ал шеткі мақсат
ойлау құпияларын ашу болып табылады. Осы бағыттағы
зерттеулердің қажетті кезеңдері болып психофизиологиялық
деректер негізінде үлгілерді құру, олармен тәжірибелерді өткізу,
зияткерлік қызмет тетіктеріне қатысты жаңа гипотезаларды шығару,
үлгілерді жетілдіру және т.б. табылады.
Екінші тәсілдеме ЭЕМ көмегімен зияткерлік қызметті үлгілеуді
ұйғарады. Осы бағыттағы жұмыстардың мақсаты – зияткерлік
міндеттерді адамнан кем болмай шешуге мүмкіндік беретін
алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау.
Үшінші тәсілдеме аралас адам-машиналық немесе интерактивті
зияткерлік жүйелерді жасауға, табиғи және жасанды интеллектінің
селбесуіне бағытталған. Бұл зерттеулердегі маңызды проблемалар
болып табиғи және жасанды интеллект арасындағы
функцияларды
оңтайлы бөлу және адам мен машина арасында диалогты
ұйымдастыру болып табылады.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында жасанды
интеллект бойынша зерттеулерде сараптамалық жүйелер (СЖ)
деген атауға ие болған дербес бағыт қалыптасты. СЖ бойынша
зерттеулердің мақсаты сарапшы-адам үшін қиын міндеттерді шешу
кезінде шешімнің сапасы мен тиімділігі бойынша сарапшымен
алынатын нәтижелерден кем болмайтын нәтижелерді алатын
бағдарламаларды әзірлеу болып табылады. Сараптамалық
бағдарламалардың
стратегиялары
сарапшының
білімдеріне
негізделген.
Сараптамалық жүйелер – мамандардың білімін нақты пән
салаларында жинақтайтын және осы тәжірибені біліктілігі кемдеу
пайдаланушыларға консультациялар үшін тарататын күрделі
бағдарламалық кешендер. Сараптамалық жүйелер немесе білім
инженериясы технологиясына негізделетін бағдарламалық құралдар
әлемде едәуір таралған. Сараптамалық жүйе технологиясы
пайдаланушыға
оның
мүмкіндіктерінен
артатын
шешімді
қабылдауға мүмкіндік береді. Жетекші мамандардың пікірінше,
жақын келешекте СЖ жобалау, әзірлеу, өндіру, бөлу, сату, қолдау
және қызметтерді көрсетудің барлық сатыларында жетекші рөл
ойнайтын болады. Сараптамалық жүйелер технологиясының
коммерциялық таралуы дайын зияткерлік өзара әрекет ететін
модульдерден қосымшалардың бірігуінде төңкеріс жасайды.
Сараптамалық жүйелер нысандандырылған міндеттер үшін
58
толықтыруға қабілетті. Сараптамалық жүйелер мен жасанды
интеллект жүйелері деректерді өндеу жүйелерінен оларда негізінен
деректерді ұсынудың символды (сандық емес) тәсілі, шешімді
символды шығару мен эвристикалық іздеу пайдаланатындығымен
ерекшеленеді.
Сараптамалық білім - бұл мәселені теоретикалық түсіну мен
оны шешу үшін осы пән саласында тиімді эвристикалық ережелер
жиынының
үйлесуі.
Сараптамалық
жүйелердің
көпшілігі
мамандандырылған пән салалары үшін жазылған болатын, осы
салалар жақсы зерттелген және шешімдерді қабылдаудың нақты
анықталған стратегияларына ие. Сараптамалық жүйелердің
жігерлендірілетін перспективаларына қарамастан, бұл технологияның
мүмкіндіктерін асыра бағалау қате болар еді. Негізгі
проблемалары
мынадай:
—
пән саласының «терең» білімдерін табыстаудағы қиындықтар;
—
икемділіктің жетіспеушілігі. Егер адамдардың алдында олар
дереу шеше алмайтын міндетті қойса, онда олар әдетте алдымен негізгі
қағидаттарын зерттеп,
проблеманы шешуге өту үшін қандай да бір
стратегияны жасап шығарады. Сараптамалық жүйелерге осы қасиет
жетіспейді;
— дәлелді түсініктемелерді ұсынудағы қиындықтар. Әдетте
шешімді іздеуде жасалған қадамдарды сипаттаумен шектеледі;
— тестілеудегі қиындықтар. Кез келген үлкен компьютерлік
жүйенің дұрыстығын негіздеу қиын болғанымен, сараптамалық
жүйелерді тексеру өте қиын;
— тәжірибеде оқытудың шектеулі мүмкіндіктері.
Осы мәселелердің анық шешімі – бағдарламаларды тәжірибеде,
ұқсастықта немесе мысалдарда өздері оқуына «мәжбүрлеу». Осы
шектеулерге қарамастан, сараптамалық жүйелер көптеген маңызды
салаларда өз құндылығын дәлелдеді.
Әдеттегі сараптамалық жүйе мына негізгі құрамдастан тұрады:
пайдаланушының интерфейсі, деректер базасы, түсініктеме беруші,
жүйені жасау модулі, түсініктемелердің қосалқы жүйесі (2.1. сур.).
Достарыңызбен бөлісу: