Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Сараптамалық талдаудың мәні



Pdf көрінісі
бет36/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

2.2.  Сараптамалық талдаудың мәні 
Сараптамалық талдауды орындау қабілеті  – белгілі бір білімдер 
мен  біліктілік  деңгейінің  бар  болуы  ғана  емес.  Бұл    пән 
саласындағы  арнайы білімдері және нақты жағдаятта анықтай алу 
икемге ие болуы тиіс.  
Сараптамалық  жүйе  білімге  ие  болуы  тиіс  деп  алдында 
айтылды.  Жай  ғана  кейбір  алгоритмді  орындау  қабілеті,  мысалы, 
элементтер  тізімін  қандай  да  бір  қасиеттің  барына  талдау  осы 
талапқа  жауап  бермейтіндігі  анық.  Бұл  кездейсоқ  жүргіншіге 
сұрақтар  мен  жауаптардың  тізімін  беріп,  одан  белгілі  бір  түрдегі 
жүйелерде  іздеуді  табысты  орындауын  және  жөнделімсіздіктерді 
жоюын  күтумен  бірдей.  Ерте  ме,  кеш  пе,  ол  міндетті  түрде  оған 
берген тізімде көзделмеген жағдайға тап болады.  


62 
 
Бағдарлама  не  білімдер  белгілі  бір  пән  саласында  шоғырлануы 
тиіс. Атаулардың, оқиға күндері мен орындардың кездейсоқ жинағы 
– сараптамалық талдауды орындау қабілетіне таласатын бағдарлама 
үшін  негіз  бола  алатын  білімдер  емес.  Білім  белгілі  бір 
ұйымдастыру мен біріктіруді болжайды, яғни жекелеген мәліметтер 
бір-бірімен  қатынасып,  бір  буын  екінші  буынды  өзімен  бірге 
тартатын  тізбек  тәріздес  болуы  тиіс  (себеп-салдарлық  байланыс).  
Жедел құжаттамаға қолжетімділікті алу жеткіліксіз  – өз қарамағына 
пайда  болатын  мәселелерді  көтеруге  қабілетті  маманды  (немесе 
бағдарламаны) алу қажет.  
Сараптамалық  жүйені  орындау  маман  тәжірибесін  тартуды 
талап  ететін  функцияларды  толығымен  өзіне  алып  не  шешім 
қабылдайтын  маман  үшін  көмекші  рөлін  ойнай  алады.  Басқаша 
айтқанда,  шешімді  қабылдауды  талап  ететін  жүйе  (техникалық 
немесе 
әлеуметтік) 
оны  тікелей  бағдарламадан  немесе 
бағдарламамен қатынасатын адам-аралық буын арқылы ала алады. 
Шешімді  қабылдайтын  тұлға  өзіне  меншікті  құқықтары  бар 
сарапшы  болуы  мүмкін,  бұл  жағдайда  бағдарлама  өзінің  барын 
оның  тиімділігін  арттыра отырып, дәлелдей алады.  
Баламалы  нұсқа  –  осындай  бағдарламамен  ынтымақтастықта 
жұмыс  істейтін  адам  оның  көмегімен  сапасы  анағұрлым  жоғары 
нәтижелерге  жете  алады.  Адам  мен  машина  арасындағы 
функцияларды  дұрыс  бөлу  сараптамалық  жүйелерді  енгізудің 
жоғары тиімділігінің  негізгі  шарттарының бірі  болып табылады.  
Сараптамалық  бағдарламалармен  шешілетін  үлгі  міндеттердің 
құрамына мыналар енеді: 
— бастапқы  деректерден  (гидролокатордан  келетін  сигналдар 
сияқты)ақпаратты шығару;  
— жөнделімсіздіктерді  диагностикалау  (техникалық  жүйелерде 
болсын, адам ағзасында болсын);  
— күрделі  объектілерді  құрылымды талдау (мысалы, химиялық 
қосылыстар);  
— күрделі  көпкомпонентті  жүйелердің  конфигурациясын  таңдау 
(мысалы, үлестірілген компьютерлік жүйелер);  
— берілген  мақсатқа  әкелетін  операцияларды  орындаудың 
реттілігін 
жоспарлау 
(мысалы, 
өнеркәсіптік 
роботтармен 
орындалатын).  
Ұсынылған  тізбедегі  белгілі  бір  міндеттерде  маманданатын 
«әдеттегі» бағдарламалар мәлім болғанымен, одан әрі біз «әдеттегі» 
тәсілдеме  мен  жасанды  интеллект  саласында  ұсынылатын 
тәсілдеменің  елеулі  айырмашылығы  неден  тұратынын  және 
сараптамалық  жүйелерді  неліктен  жеке,  жақсы  ажыратылатын 
бағдарлама  сыныбыны  бөлуге  болатынын  көрсетеміз.  Барлығын 
қанағаттандыратын,  сараптамалық  жүйелердің  нақты  формальды 


63 
 
анықтамасы  жоқ,  жоғарыда  келтірілген  де  тиянақсыз.  Дегенмен, 
барлық  сараптамалық  жүйелерге  қандай  да  бір  дәрежеде  тән 
көптеген маңызды белгілер бар.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет