3.2. Ақпараттық жүйе өмірлік циклі үлгілері Ақпараттық жүйе өмірлік циклі үлгісі деп процестерді жүзеге
асырудың, ақпараттық жүйе өмірлік циклі ішінде орындалатын
әрекеттер мен міндеттердің реттілігін, сондай-ақ осындай процестер
арасындағы өзара байланысты анықтайтын кейбір құрылымды
атайтын боламыз.
ISO/IEC 12207 стандартында ақпараттық жүйенің өмірлік циклі
процестеріне енетін міндеттерді шешу және әрекеттерді орындау
әдістері
егжей-тегжей нақтыланбайды, тек осы процестердің
құрылымы ғана сипатталады. Бұл түсінікті де, өйткені стандарт
регламенттері өмірлік циклдің кез келген үлгілері, әдіснамалары мен
әзірлеу технологиялары үшін ортақ болып табылады. Өмірлік цикл
үлгісі ақпараттық жүйенің ерекшелігі мен ол құрылатын және қызмет
ететін шарттарға тәуелді.
Қазіргі уақытта өмірлік циклдің екі негізгі үлгілері кең таралған –
сарқырама үлгі немесе құлама үлгісі (waterfall) және шиыршықты үлгі.
Сарқырама үлгі жобаның барлық кезеңдерін қатаң белгіленген
тәртіппен кезек-кезекпен орындауды көздейді. Келесі кезеңге өту
алдыңғы кезеңдегі жұмыстарды толық аяқтауды білдіреді.
Шиыршықты үлгіде шиыршықтың әр орамында өнімнің кезекті
нұсқасын құру орындалады, жобаның талаптары нақтыланады, оның
сапасы анықталып, келесі орам жұмысы жоспарланады
. Әзірлеудің
бастапқы кезеңдері – талдау мен жобалауға ерекше назар
аударылады, мұнда осы не өзге техникалық шешімдердің іске
асырылуы түптұлғаны жасау (пішіндеу) арқылы тексеріліп
негізделеді.