143
кәсіпорын топтарын басқару үдерістерін анағұрлым терең қолдау
мүмкіндіктерін иеленген. Бірінші кезекте, бұл жерде деректерді
интерактивтік аналитикалық өңдеу технологиясы (OLAP— On-
lineAnalyticalProcessing) қолданылатын, корпоративтік талдау
құралдарын атап өткен жөн.
Біріктірілген ақпараттық жүйе, бірыңғай бағдарламалық-
аппараттық тұғырнама мен жалпы дерекқорға құрылған.
Ондағы жекелеген атқарымдық қосалқы жүйелер, ақпараттарды
өңдеудің бірыңғай технологиялық үдеріс негізінде өзара әрекет
етеді, сол үшін кәсіпорында есептеу желісін ұйымдастыру қажет.
Желіні құру жолдары басқару аппаратының ақпараттық алмасу
жеделділігіне және фирманың барлық құрылымдық бөлімшелерін
басқаруға қатысты талаптарға байланысты. Экономикалық
нысандарды басқаруда ақпараттардың жеделділігіне қатысты
сұраныстардың артуы ұйымның заманауи қызмет ету жағдай
талаптарына сәйкес дамитын желілік технологияны құруға алып
келді. Бұл тек жергілікті есептеу жүйелерін ұйымдастыру ғана емес,
сонымен бірге ұйымдастырушылық басқарудың ақпараттық
жүйелерінде көп деңгейлі (иерархиялық) және бөлінген ақпараттық
технологияларды ұйымдастыруға әкеліп соқтырады. Олардың бәрі
ақпаратты тарату, өңдеу, жинақтау, сақтау және қорғау құралдары
есебінен ұйымдастырылатын технологиялық өзара іс-әрекетке
бағытталған. Біріктірілген ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды
өөңдеу үдерістері, әдетте тұтынушы-сервер технологиясына
негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: