Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Тактикалық (атқарымдық) деңгейдегі жүйелер



Pdf көрінісі
бет77/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

5.3.2. 
Тактикалық (атқарымдық) деңгейдегі жүйелер 
Атқарымдық  (тактикалық)  деңгейдегі  ақпараттық  жүйелер 
кәсіпорынның  бизнес-үдерістерін  басқару  міндеттерін  шешу  үшін 
қолданылады.  Тактикалық  деңгейлерге  орта  мерзімді  жоспарлау, 
жұмыстарды талдау және ұйымдастыру рәсімдері жатады,  Мысалы, 
жедел деңгейде біз жекелеген тапсырыстармен және оны орындауда 
қоса  жүретін  транзакцияларды  орындаумен  істес  болсақ,  онда 
тактикалық  деңгейде  өндірістік  бағдарламаларды  құруға  арналған 
тапсырыстар жиынтығы қарастырылады, не болмаса пайда болжамы 
және  өнімдерге  сұраныс  бойынша  стратистикалық  деректерді 
талдау  негізінде  жақын  мерзімде  (апта,  ай,  тоқсан)  өнімдерді 
шығару  жоспарының  әзірлемесі  жасалады  және  т.б.    осы  тәрізді 
міндеттерді шешу нәтижелері орта буындағы менеджерлер үшін — 
өндірістік және көлік цехының басшылары, жабдықтау қызметі мен 
маркетингті жоспарлау-қаржылық бөлім басшылары және т.б. үшін 
арналған. 
 
 
 
 


148 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.5-сур.  Атқарымдық  деңгей жүйесі 
 
 
Атқарымдық  басқару  деңгейі,  бірінші  деңгейде  дайындалған 
ақпараттарды  алдын  ала  талдауды  талап  ететін  шешімдерді 
қамтамасыз  етеді.  Шешілетін  міндеттер  көлемі  азаяды,  бірақ 
олардың  күрделігі  өседі.  (5.3-сур.  қар).  Сонымен  бірге,  қажетті 
шешімді  үнемі  жасап  шығару  мүмкін  болмайды,  ойласуға, 
жетіспейтін  мәліметтерді  жинауға  қосымша  уақыт  талап  етіледі 
және т.б. Басқару ақпараттың келіп түскен мезетінен бастап шешім 
қабылдағанға  және  оны  жүзеге  асырылғанға  дейін,  сонымен  бірге 
шешімдерді жүзеге асырғаннан бастап оларға жауап алғанға дейінгі 
кейбір 
бөгелістерге 
байланысты. 
Қабылданатын 
басқару 
шешімдерінің  нәтижелері  кейбір  уақыт  (ай,  тоқсан,  жыл)  өткеннен 
кейін  байқалады. 
Тактикалық басқару деңгейінің  негізгі  жүйе қызметтері: 
— 
бизнес-үдерістерін орындаушылардың қызметін бақылау және 
мониторинг; 
— 
әкімшіліктендіру; 
— 
ағымдағы көрсеткіштерді өткен көрсеткіштерсен салыстыру; 
— 
белгілі кезеңдер ішінде  аналитикалық есеп құру; 
— 
жоспарлау және болжау; 
— 
мұрағат ақпаратттарына қол жетімділікті қамтамасыз ету; 
— 
ауытқуларды талдау; 
— тактикалық басқару шешімдерін қабылдау және т.б. 
Ақпараттық  технологияда  тактикалық  шешімдерді  қолау  үшін 
фирмалар  дерекқор,  үлгілер  базасы,  білімдерді  өңдеу  жүйесі, 
шешімдер  қабылдауды  қолдаум  секілді  аспаптық  құралдарды 
қолданады  және  т.б.  (5.5-сурет). Сонымен, бұл ретте жеткізушілер 
мен тұтынушылардың сыртқы талаптарын біршама дәрежеде ескере 
отырып,  үлгілерді  қолдану  арқылы  сатуды  талдауға  болады. 
Үлгілер,  мәселелердің  математикалық  түсінік  беруге  сүйене 
отырып,  белгілі  алгоритмдер  арқылы  анағұрлым  дұрыс  шешімдер 
қабылдау үшін пайдалы ақпараттар табуға ықпалын тигізеді. 


149 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет