147
кәсіпорынның жергілікті есептеу желілерінің жұмыс орындарын
және экран формасын толтыруға арналған терезе интерфейсін
қолдана білу талап етіледі. Жедел деңгейдегі ақпараттық жүйенің
алдында тұрған негізгі міндет, — бизнес-үдерістер қатысушыларын
байланыстыратын,
ақпараттық
ағындардың
жоғары
өту
жылдамдығын қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда, деректерді
өңдеу жүйесі кәсіпорындағы технологиялық үдерістерді ақпараттық
басқару жүйелерімен синхрондалған.
Жедел басқару жүйесі бизнес-үдерістердің орындалуына
бақылау жүргізуді айқын етуге мүмкіндік береді, себебі әрбір уақыт
кезеңінде кәсіпорынның барлық жұмыс орындарындағы жағдайын
жедел анықтауға болады.
Жедел басқарудың маңызды басымдықтарына келесілерді
жатқызуға болады:
—
жинақталған әлеуеттә қолданып, алдын ала жоспарланған іс-
шараларды іске асыру есебінен пайда табу;
—
жоспарланғаннан, өндіріс барысын тіркеу, жинақтау және
ауытқуларды талдау;
—
қажетсіз ауытқуларды жою немесе төмендету бойынша
шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру.
Жедел жинақталған деректер базасында анағұрлым жоғары
басқару деңгейіндегі міндеттер-тактикалық және стратегиялық
шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: