66
Бәрі: Алақай! Кеттік!
V көрініс
/Үй ішінде... Әкесі мен анасы дастархан басында./
Әкесі: Әп, бәрекелді! Дастарханды жайнатыпсың. Қолың дерт көрмесін.
Анасы: Рахмет, отағасы.Кел, жайғас!
Әкесі: Балалар да келіп қалды.
Бәрі: - Ассалаумағалейкум!
Әкесі: Уағалейкумассалам ! Келіңдер, балалар!
Таңат: Әке, біз «Жасыл елге» үлес қостық. Тал отырғыздық!
Анасы:-Жарайсыңдар! Сендерді мақтан етеміз. Қарындарың ашқан шығар,
тамақ жеп алыңдар.
Әкесі: Иә, әңгімелеріңді айта отырыңдар!
Таңат: Әке, бізде керемет жаңалықтар баро. Біздің Бахтияр бар ғой, спорттан
аудан намысын қорғап жүр. Жарысқа барып, чемпион атанды.
Әкесі: Бәрекелді! Осылай аудан намысын қорғап жүре бер!
Таңат: Мына досым – Наурызбек! Керемет шахматшы. Үнемі жарыстарда
бәрін шаң қақатырып кетеді. Ал, Мейржан керемет математик! Есепті
шемішкеше шағады. Химия, физиканы керемет біледі. Олимпиададан бірінші
орын алды.
Анасы: -Ал , менің алтындарым! Тамақ алыңдар! Отағасы, сен балыққа
барамын деп едің ғой.
Әкесі:- Иә, балалар, маған қолғабыс болыңдар! Бірге шығайық.
Сахнаға үгіт-насихат әндерімен оқушы қыздар шығады.
Достарыңызбен бөлісу: