124
– Қымбатты оқушылар! Бір жыл бойы біз сендермен көркемсөз
мұхитының тамшысын ғана таттық. «Туған жерім – аялы алтын бесігім»
бөлімінде «Аяз би» ертегісінің ақылды, тапқыр кейіпкері арқылы
халқымыздың дана дүниетанымын білдік. Әл-Ôарабидің өлеңдеріндегі
сағыныштан туған өлкеміз қайда жүрсек те, жадымызда, жүрегімізде
болатынын түсіндік. Айбынды Дос памбет жыраудың толғауларындағы
жер мен Отанға деген сезімдерден еліміздің байлығын сақтап, қорғау
керек екеніне назар аудардық.
– «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...» деген бөлімде қазақтың
қайсар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың алдына қойған мақсат-
мүддесінен өз ой-арманымызды анықтадық. Біз де оқу оқып, білім
алып жатқанымызды сезініп, С. Мұратбековтің «Жусан иісі»,
О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат», Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан»
шығармаларындағы кейіпкерлермен қоса тіршіліктің талай соқпағына
сапар шектік.
– Жас достар! Келесі оқу жылына дейін өз білімдеріңді одан әрі
толықтыру үшін жаз бойы мұғалімің ұсынған, өздерің қызыққан
көркем шығармалардан қол үзбеңдер. Көркем шығарма оқу арқылы
өз ойларыңды нақтылы әрі терең етіп жеткізуді үйренесіңдер.
Сапарларыңа сәттілік тілейміз!
– «Абайды оқы, таңырқа!» бөліміндегі ұлы ақын Абай Құнанбайұлының
өлеңдері мен қарасөздерінен көп тәрбие алдық. Абай мұрасын әлі де
оқып-білуге талпыну керек.
– «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімінде қазіргі қазақ
әдебиеті өкілдері Е. Жүніс пен А. Алтайдың өлең, әңгімелеріндегі жаңа
тыныс ты байқадық. Тәуелсіздіктің маңыздылығын ойымызда бекіте
түстік. Ал авар ақыны Р. Ғамзатовтың туындыларынан қай халықтың
болмасын
өз ана тілі бәрінен биік, асқақ тұратынын түсіндік.
СӨЗ СОҢЫ
мАзмұны
Сөз басы ........................................................................................ 4
Достарыңызбен бөлісу: