С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет75/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

25. «Қалыптасқан» ұлпалар деген не? 
А)  Agrobacterium tumefaciens  енген  жерде  пайда  болатын  ісік 
ұлпасы; 
В) Органогендік элементтері жоқ қоректік ортада өсетін ұлпа; 
С) Сұйық ортада өсетін тамырлар; 
D) Фитогормондары жоқ қоректік ортада өсуге қабілетті кал-
лус ұлпасы; 
Е)  Микроэлементтері  жоқ  қоректік  ортада  өсетін  каллус 
ұлпасы. 
 
Есеп тапсырмалары: 
 
1-тапсырма 
Өсімдіктердің  каллус  ұлпасының  ылғалды  биомассасының 
ұлғаюын қандай формула бойынша есептейді? 
Егер бір айдың барысында өсірілген жəне бірнеше рет көшірі-
ліп  отырғызылған  (пассажданған)  сəбіз  каллусының  ылғалды 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        67 
салмағы 2 400 мг болса жəне каллус ұлпасының бастапқы ылғалды 
салмағы 200 мг болса, келесі 7, 10, 14, 18, 21, 25 күндері өсірілген 
каллустың ылғалды салмағы 650 мг, 840 мг, 1050 мг, 1630 мг, 1960 
мг, 2100 мг-ға тең келетін белгілі болса, онда сəбіздің каллус ұлпа-
сының ылғалды биомассасының ұлғаюын қалай есептейді? 
 
2-тапсырма 
Эксперимент  барысында  Горяев  камерасында  (немесе  Фукс-
Розенталь камерасында) стандартты əдістеме бойынша картоптың 
суспензия  дақылдағы  жасушалардың  саны  анықталды.  Камерада 
саналған жасушалардың орта саны 576 болды.  
Тапсырма: Картоптың каллус ұлпасынан жақсы өсетін суспен-
зия  алған  жағдайда  жасушалық  суспензияның  тығыздығын  есеп-
теңіз.  
Ескерту:  Стандартты  əдістеме  бойынша  колбадан  көлемі 10 мл  инокулят 
алынады.  Содан  кейін  1мл  суспензия 8%-тік 2 мл  хром  тотығы  ерітіндісімен 
араластырылып, бұл қоспа термостаттың ішінде бірнеше уақыт инкубацияланады 
жəне Горяев камерасында жасушалардың саны есептелінеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет