Бірінші типті өсімдіктер бүтін өсімдікте бұрыннан болған
меристемаларды (сабақтың апексі, қолтық жəне бұйыққан бүршік-
70 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
тері) белсендіру жолымен пайда болады. Бұл меристемадан шық-
қан өсімдіктер генетикалық жағынан аналық өсімдікпен пара-пар,
өйткені апекстерді іn vіtro жағдайында өсіргенде олар генетикалық
тұрақтылығын сақтайды. Екінші типті өсімдіктер іn vіtro жағ-
дайында пайда болған бүршіктер мен эмбриоидтардан алынады.
Бұл өсімдіктерде маманданған жəне каллус жасушаларынан шық-
қандығына байланысты генетикалық өзгергіштіктер орын алуы
мүмкін. Сондықтан, шыққан клондар бастапқы өсімдіктен біршама
ауытқып кете береді. Сөйтіп, бұл əдісті тек каллустары тұрақты
немесе регенеранттарда пайда болған өзгерістер табиғи өзгергіш-
тіктен аспайтын өсімдіктерге пайдалануға болады. Бүршіктер мен
эмбриоидтар: 1) экспланттың маманданған жасушаларынан тіке-
лей (көбею мүшелерінің ұлпаларынан, эпидермис, субэпидермис
ұлпаларынан, жапырақ мезофилінен т.б.); 2) экспланттан шыққан
алғашқы каллустан; 3) көшіріп отырғызған каллустан немесе сус-
пензиядағы жасушалардан пайда болады.
Қолтық меристемалардың өсуі сабақтың ұшын кесіп таста-
ғанда немесе цитокининмен өңдеген соң басталады. Цитокинин
жоғары мөлшерде қолданылғанда қолтық өркеннің дамуына
мүмкіндік туғызады, бірақ өсімдіктің морфологиясына теріс əсер
етіп кемістіктері бар формалар пайда болады. Қоректік ортада
ауксиннің мөлшері артық болса, каллус түзілуі мүмкін. Каллус
меристеманың өсуін тежейді немесе бастапқы өсімдіктен генети-
калық айырмашылықтары бар қосымша сабақ апекстерінің пайда
болуына əкеледі. Ондай жағдайда ауксиннің концентрациясы
төмендейді немесе тіптен қажет болмай қалады. Сонымен, қолтық
бүршіктері бар сабақ кесінділерін лайықты қоректік ортада өсіріп,
өркен алуға болады, ал оның құрамы басқа ортада тамырлан-
дырып, бүтін өсімдікті шығарады. Көбеюді жеделдету мақсатымен
алғашқы өркенді 5-7 жапырақ шыққан соң қалемшелейді (6-сурет).
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 71
Достарыңызбен бөлісу: |