Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер
67
салмағы 2 400 мг болса жəне каллус ұлпасының бастапқы ылғалды
салмағы 200 мг болса, келесі 7, 10, 14, 18, 21, 25 күндері өсірілген
каллустың ылғалды салмағы 650 мг, 840 мг, 1050 мг, 1630 мг, 1960
мг, 2100 мг-ға тең келетін белгілі болса, онда сəбіздің каллус ұлпа-
сының ылғалды биомассасының ұлғаюын қалай есептейді?
2-тапсырма
Эксперимент барысында Горяев камерасында (немесе Фукс-
Розенталь камерасында) стандартты əдістеме бойынша картоптың
суспензия дақылдағы жасушалардың саны анықталды. Камерада
саналған жасушалардың орта саны 576 болды.
Тапсырма: Картоптың каллус ұлпасынан жақсы өсетін суспен-
зия алған жағдайда жасушалық суспензияның тығыздығын есеп-
теңіз.
Ескерту: Стандартты əдістеме бойынша колбадан көлемі 10 мл инокулят
алынады. Содан кейін 1мл суспензия 8%-тік 2 мл хром тотығы ерітіндісімен
араластырылып, бұл қоспа термостаттың ішінде бірнеше уақыт инкубацияланады
жəне Горяев камерасында жасушалардың саны есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: