С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет79/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

6-сурет. Микроқалемшелердің жасанды ортада өсуі 
 
Əрбір қалемшеде бір жапырақ болуы керек. Қалемше биіктігі 
1-1.5  см  болады.  Оларды  бір-бірден  қоректік  орталай  құйылған 
пробиркаларға  отырғызады.  Бұл  тəсілді  микроқалемшелеу  деп 
атайды. Ол жүзім, картоп, т.с.с. өсімдіктерге қолданылады. Микро-
қалемшелеуді 2-3 реттен артық пайдалануға болмайды, одан кейін 
өркендерді тамырландыру керек. Картоптың бір апикальдік мерис-
темасынан  бір  жылдың  ішінде 10
5
  өсімдік  (микроқалемшеу  жəне 
микротүйнектер  арқылы)  алуға  болады,  сондықтан  картоптың 
микрокөбейтуі өндірістік деңгейінде өткізіледі (7-сурет). 
Адвентивтік  бүршіктердің  (қосалқы  өркендердің)  эксплант 
ұлпаларынан тікелей пайда болуы өсімдіктердің лайықты жағдайда 
жетіспейтін  мүшелерін  қалпына  келтіру  қабілетіне  негізделеді. 
Экспланттың  жеке  жасушалары  корреляциялық  өзара  əрекеттері 
бұзылған  соң  дедифференцияланады  жəне  бөліне  келе  меристе-
малық  аймақтарды  түзеді.  Сонан  соң  қайтадан  дедифференция-
ланып,  өркен  бүршіктері  пайда  болады.  Сол  бүршіктерді  тамыр-
ландырып, бүтін өсімдікті алуға болады. Бұл əдіс, əсіресе, шөптекті 
өсімдіктердің  жапырақтарын,  пиязшықтарын,  пиязшық  түйнек-
терін,  сабақтарын,  тамыр-сабақтарын жəне  түйнектерін  пайдалан-
ғанда  жарамды  келеді.  Эксплантты  цитокинин  немесе  цитокинин 
мен ауксин 10:1, 100:1 қатынасында қосылған қоректік ортада өсір-
генде  бір  шоғыр  өркендер  пайда  болады.  Одан  кейін  өркендерді 
тамырландырып, бүтін өсімдіктерді шығарады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет