27
басқару жүйесінің тиімділігін арттырды. Жалпыға Ортақ еңбек қоғамын
қалыптастыру бойынша үкіметтік емес секторлармен серіктестікті жақсартты.
Қазақстан үшін еңбек идеологиясының мемлекеттік саясат мәртебесіне
ие болуы өте маңызды. Еңбек адамдарының имиджін, еңбек құндылықтарын,
еңбек қызметінің құндылығын насихаттау үшін қазақстандықтардың бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастырудың шарты ретінде жұмысшы мамандарының
арасында «Мен профи» республикалық телевизиялық шоу-конкурсын өткізу
қажет.
Конкурсты телеарна арқылы қазақстандықтардың назарына ұсыну
көпшілікке экономиканың дамуына ерен үлес қосып жүрген әр саладағы еңбек
адамдарының кәсіби жұмысын көрсетіп, шеберлігін, кәсіби біліктілігін,
көрерменге паш етеді (мысалы: автогрейдер жүргізушісі, бульдозер,
экскаватор, фронтал тиегіштер, (ауыр жүк көлігінің жүргізушісі және т.б.).
Конкурс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілуі керек. Қатысушылар саны
мен
тақырыбы,
номинациялары
түрленіп,
басқа
да
жұмысшы
мамандықтардың өкілдері қатыса алады. Мұндай шоу-конкурс жастар
арасында
кәсіби
бағдарлау
жұмыстарын
арттырып,
жұмысшы
мамандықтарының мәртебесін өсіріп, Еңбек адамының абыройын көтереді.
Мұндай құндылықтарды насихаттап, дәріптеу, әлеуметтік жобаларға
қолдау таныту мақсатында мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауға
бағыт-бағдар беру «Өзгерістердің саруарлары» жобасының да негізгі
бағыттарының бірі (« Рухани жаңғыру» бағдарламасының елшілерінің пулын
дайындау) болып табылады. Әлеуметтік жобалар акселераторы – ҚР АҚДМ-нің
қолдауымен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты»
КеАҚ арқылы іске асады. Бүгінгі таңда жобаға 120-ға жуық өтініш келіп түскен.
Оның 75-і іріктеліп алынды. Солардың ішінде «Арман» жобасы оқушыларды
түрлі компания мен заводтарға апарып, кеңейтілген шеберлік сағаттатарын,
дәрістерін өткізу арқылы мектеп оқушыларына мамандық таңдауда бағыт-
бағдар беруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: