Шоу-конкурстың мақсаты – еңбек идеологиясын насихаттап, еңбек
адамының образын әлеуметтік жетістікке жеткен азаматтардың символы
ретінде қалыптастыру.
Конференцияның міндеттері: - жұмысшы мамандықтар мен Еңбек адамын насихаттау;
- кәсіби шеберлікті дәріптеп, жастарға тәжірибе беру;
- ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
- жастар арасында кәсіби бағдар беруді арттыру;
- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының құндылықтарын нығайту;
- университеттер, ғылыми ұйымдар, өндірістік кәсіпорындар және
экономиканың басқа салаларындағы ұйымдар мен үкіметтік емес сектор
арасындағы серіктестікті нығайту;
- кәсіби бәсекеге қабілеттілік құндылықтарын қалыптастыру.