типтегі философтарды айтқан, «олардың бәрі аспаннан және кӛрінбейтін
саладан жерге қарайды, дене мен болмысты бір нәрсе деп таниды», ал
басқалары «шындық болмысты» әлдебір ақылға сиятын және денесіз
идеяларға әкеледі.
Аристотельде философияның негізгі мәселесі айқын кӛрінбейді. Бұл
мәселенің кӛрінісі онда анық емес формада бірнеше нұсқада беріледі. Бұл
біріншіден, біздің танымымызға сәйкес берілгендерден басқа нәрсе бар ма:
«сезімімізге әсер ететін қозғалыстағы нәрсе бар ма, әлде жоқ па, осыны
түсіну қарастырылады, егер бар болса ол не?» деген мәселе. Қарсы жатқан
табиғатты қарастыра отырып, Стагирит анағұрлым бұны анық кӛрсетіп, оны
«ӛзге аксиомдардың бастамасы» деп атайды. Ол былай айтылады: «бірдің ӛзі
және бір уақытта болған және бір-біріне қатынаста қатыссыз...» және
қысқаша: – «біреу бір нәрсені болған және болмаған деп есептей алмайды».
Достарыңызбен бөлісу: