Еуропа философиялық дәстүрінде әрбірі философиялық етудің ерекше
әдістерімен кӛрінетін тарихи дәуірлерді бӛліп кӛрсетеді:
-
Антикалық философия – б.д.д.VII ғ. аяғы мен – б.д.д. VI ғ. кӛне
грек және Ежелгі Рим қоғамдарындағы дамушы философиялық оқулар.
-
орта ғасыр философиясы – II-XIVғғ. Еуропада пайда болған
концепциялар жатады.
-
Қайта ӛрлеу дәуірі философиясы – XIV-XVI ғғ. Батыс Еуропа
оқулары енеді.
-
Жаңа заман философиясы – XVII-XIXғғ. 70-жылдарындағы батыс
еуропалық және америкалық ойшылдарының философиялық теорияларын
біріктіреді.
-
Заманауи Еуропа философиясы – XIX ғ. 70-жылдарынан қазіргі
кезге дейінгі барлық философиялық оқулар кіреді.
Бұл уақыттарда тарихи философияның дамуы бір-біріне сәйкес келмесе
де, бір-бірін толықтырып отырған. Ол мынадай мысалдармен түсіндіріледі:
антикалық ойшылдар ӛз ойларын философиямен түсіндірсе, шіркеу әкелері
ӛз еңбектерінде орта ғасыр парадигмасын қолдана бастады.
Германияда Гегель ӛзінің классикалық, жаңа заман философиясын
қолдана бастаған кезде, Англияда позитивистер, яғни ең алғашқы жаңа заман
философиясының ӛкілдері пайда болды. Әр заман мәселелерін шешуге соған
сәйкес әр түрлі әдістер пайда болып отырды.
Қазіргі кезде кӛптеген философиялық ойлар уақытымен шектеле
қоймай, олардың мәні де ӛз орындарын тауып отыр. Философия тарихы,
онтология мен әлеуметтік философия, гносеология (эпистемология) және
диалектика теориясы, философиялық антропология, аксиология, махаббат
философиясы, дін философиясы, тарих және саясат философиясы, мәдениет
пен білім философиясы, техника мен жаһандану философиясынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: