Коучинг – әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.
Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен
алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогке тарту негізінде әріптестер өз жұмысының
жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық
деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін,
игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен
байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға
бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Көшбасшылық – топтың, қауымның, қоғамның бір мүшесі (көшбасшы) нақты
жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін басқаларды ұйымдастырып, бағыттайтын әлеуметтік-
психологиялық үдеріс.
- Бейресми көшбасшылық – көшбасшы өзінің жеке қабілеттері мен әріптестерінің
мойындауының арқасында әлеуметтік ортадағы (ұйымдағы, қоғамдағы) өзара әрекеттестік
пен оның қарқынына ықпал ететін көшбасшылық түрі.
- Бөлінген көшбасшылық – көшбасшының өзі басқаратын ұйымда көшбасшылық
мәдениетін енгізу мақсатында көшбасшылық өкілеттіктерді басқаларға бөлуді және
ұйымды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуді көздейтін көшбасшылық түрі.
- Оқытушы көшбасшылық – мектептегі оқыту мен оқу сапасын арттыру
мақсатында мектеп директоры қабылдайтын немесе директор мектеп қоғамдастығының
басқа мүшелеріне жүктейтін іс-шаралар кешенін көздейтін көшбасшылық түрі. Оқытушы
көшбасшылық оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында анық мақсат қоюды, оқу
бағдарламасын басқаруды, сабақты жоспарлаудың мониторингін жүргізуді, ресурстарды
анықтап, мұғалім жұмысына эвалюация жүргізуді көздейді.
- Ресми көшбасшылық – лауазымы бойынша көшбасшыға әлеуметтік ортадағы
жағдайға ықпал етуге кең мүмкіндік (мәртебе, құзырет, жауапкершілік) берілген
көшбасшылық түрі.
- Cтратегиялық көшбасшылық – ұйым табысты жұмыс істеу үшін оның мақсаты
мен ұстанымдарын, негізгі стратегияларын, оңтайлы құрылымын, даму бағыттарын,
қажетті ресурстары мен анағұрлым тиімді үдерістерді анықтайтын көшбасшылық түрі.
- Трансформациялық көшбасшылық – ұйымды дамыту тұжырымдамасына,
оның стратегиясы мен мәдениетіне, өндірісі мен қолданатын технологияларына өзгеріс
енгізуді көздейтін көшбасшылық түрі. Трансформациялық көшбасшылық «материалдық
емес мәселелерге»: ұйымның келешегіне, жалпы құндылықтары мен жаңа идеяларына
бағдарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |