Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет30/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

2.8 Коммуникативтік қызмет 

 

Ұйым  бөлімшелері  мен  жекелеген  мүшелерінің  іс-әрекетін 

жалпы  мақсатқа  жету  үшін  үнемі  үйлестіру  қажеттігі  басқару 

іс-әрекеті  мәнінің  өзімен  байланысқан.  Бұл  үйлестіру  әртүрлі 

формасында,  ең  алдымен  коммуникация  барысында,  яғни 

ұйым мүшелерінің  алуан түрлі  түйісулері арқылы жүзеге асы-

рылады.  Ұйымның  ішінде  жүріп  жатқанның  барлығы  комму-

никативтік  процестермен  байланысқан.  Сондықтан  да  олар 

оның  тұтастығы  мен  қызмет  етуін  қамтамасыз  етудің  негізгі 

құралдары  болып  табылады.  Жетекші  іс-әрекетінде  коммуни-

кация  қызметі  ерекше  рөл  атқарады.  Ол  басқарудың  басқа 

барлық қызметтерін жүзеге асыру мен өзара үйлестіру құралы 

ретінде  болады.  Сондықтан  бұл  қызмет  шешім  қабылдау  қыз-

метімен  қатар  ұйымдағы  байланыстырушы  процесс  ретінде 

қарастырылады. 

Жалпы тұрғыдан коммуникация – бұл адамдар немесе адам-

дар  топтары  арасындағы  кез  келген  ақпарат  алмасуы,  ол  өзара 

түсіністікке алып келу немесе келмеуіне тәуелді емес. 




74 

 

«Коммуникация»  ұғымына  енгізілетін  құбылыстар  мен  про-



цестердің  алуан  түрлілігіне  байланысты,  оны  құрылымдау  және 

жетекші  іс-әрекетінің  мазмұнын  сипаттауға  арналған  сандағы  ең 

маңызды аспектілерді айқындау қажеттігі туындайды: 

1)  Коммуникация жалпы құбылыс ретінде

2)  Коммуникация жетекшінің атқарушылармен  және ұйым 

бөлімшелерімен тікелей байланыс тәжірибесі ретінде

3)  Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде. 

Бұл  аспектілердің  әрқайсысы  нормативтік-ұйымдасты-



рушылық  және  субъектілік-психологиялық  жоспарлардан  тұ-

рады.  Біріншісі  оңтайлы  коммуникативтік  процесс  құрылы-

мымен  байланысқан.  Екіншісі  «коммуниканттардың»  психоло-

гиялық  ерекшеліктерінің  осы  қызметке  үлкен  ықпалын  көрсе-

теді және оның маңызды деген, соның ішінде тиімділікке бөгет 

болатын  маңызды  сипаттарын  түсіндіреді.  Коммуникативтік 

қызмет  ұғымы  өзіндік  үш  психологиялық  аспектіден  тұрады: 

жетекшінің  коммуникативтік  мінез-құлқы,  оның  іс-әрекетінің 

коммуникативтік құбылыстары мен процестері. 

Келесі  бағыттар  коммуникативтік  қызмет  мазмұнын  си-

паттайды: 

–  бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау

–  коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау

–  коммуникация үдерісінің құрылымдық компоненттері мен 

кезеңдерін анықтау; 

–  осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау

–  «барьерлерді  (кедергілерді)»  талдау  (сипатты  қателіктер 

мен қиындықтар); 

–  коммуникативтік  қызметін  оңтайландыруға  арналған  не-

гізгі талаптарды сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі). 

Жетекшінің  коммуникациялық  қызметінің  негізгі  міндеті  – 

ұйым ішінде оның бөлімшелері арасындағы  және сыртқы орта-

мен  ақпараттың  оңтайлы  алмасуын  қамтамасыз  ету.  Оңтай-

лылық  көрсеткіші  –  қолданыстағы  коммуникация  желісінің 

ұйымның  жалпы  мақсаттарына  жетуге  қолдау  көрсетуінің 

нәтижесі.  Коммуникациялар  тиімділігі  үшін  мақсаттың  айқын 

тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы

бөлімшелер  жұмысының  белгілі  бір  түрлері  мен  нормативте- 



75 

 

рін реттейтін мүшеленген жоспар; дұрыс таңдалған ұйым типі



бақылаудың  тиімді  жүйесі  қажет.  Коммуникациялық  қызмет- 

тің  ерекшелігіне,  басқарудың  басқа  қызметтерінің  барлығы, 

яғни  мақсат  қою,  жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау  оны  жү-

зеге  асыру  құралдары  болып  табылатынын  көрсетеді.  Мұны 

жетекшінің  бүкіл  жұмыс  уақытының  50-90  пайызы  осы  ком-

муникациялармен толатыны туралы мәліметтер растайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет