топтық сипатына байланысты туындайтын құбылыстар;
3) басқару шешімдерінің өзіндік құбылыстары;
4) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы әлеу-
меттік-психологиялық құбылыстары.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде жеке таңдауға
тән құбылыстар, яғни адамның ақпараттық процестерінің психо-
логиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін таңдау деформация-
сы (танымдық ауытқулар) күшейе түседі. Оларға репрезентатив-
тілік эвристикасы, әлеуметтік перцепция жетімділігі, нақтылы-
160
ғы, қателіктері кіреді. Сондай-ақ алғашқы баламалық өзін бекіту
құбылысы ретінде белгілі «инерциялық әсер» орын алады [30,
31, 32].
Танымдық консерватизм және радикализм әсерлері де бар.
Біріншісі ең шынайы баламаның мәнділігі мен шынайылығын
төмендетумен, ал екіншісі қарама-қарсы ағыммен сипатталады.
«Кездейсоқ оқиғалардың квазиреттеулік елестері (иллюзия-
сы)» құбылыстары орын алады. Мұндай бағдардың тұрмыстық
эквиваленті – «снаряд бір шұңқырға екі рет түспейді».
Таңдау процестерінде өздерінің бағытталуы бойынша қара-
ма-қарсы, ықтималдықтарды теңестіру принципі («центрация»
әсері) және ықтималдық деформация құбылысы сияқты жағ-
дайлар байқалады.
«Жалған себеп қателігі» орын алады. Оған мәні бойынша,
сырттай ұқсас екі кездейсоқ оқиға өзара түзеушілер ретінде ба-
ғаланатын «елестік коррекция» құбылысы ұқсас.
Субъективтік әсерлердің қажетті әртектілігіне деген бағдар
тән. Егер адам алдын ала кездейсоқ оқиғалармен кездессе, онда
оның оларға жауабы да кездейсоқ, әртекті болуға тиіс, ал әсер-
лердің кез келген біртектілігі қателік ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар жеке таңдау процестерінде адамның тұлға-
лық ерекшеліктері саласымен байланыстағы әлдеқайда күрделі
және кешенді психологиялық құбылыстары да байқалады.
Олар:
1. «Реактивтік кедергі» әсері (Дж. Брем). Ол кез келген сырт-
қы қысым адамның тыйым салынған іс-әрекетті жүзеге асыруға
(«тыйымда жеміс тәтті») бағытталған күшті кері әсерін туғыза-
тынына негізделген. Керісінше, реактивтік кедергі адамға бел-
гілі бір баламаны таңдау немесе қандай да бір іс-әрекетті жүзеге
асыру «көбірек ұсынылған» жағдайда туындайды.
2. «Кері ойлау» әсері, ол туралы (Фишхофф құбылысы) «Мен
осылай болатынын білгенмін» – адамның мұндай әсері жағдай-
дың нақты бағасын бұрмалайды және өткен баламалық тәжіри-
бенің қалыптасуына ықпал етеді. Өз пікірінің қатесіздік елесі
туындайды. Осының арқасында адамның өзін-өзі бағалауы және
болашаққа деген болжауға сенімділігі артады. Міне, осы жетек-
шіге тән бұл құбылыс болуының психологиялық себебі болады.
161
3. Жеке шартталғандар қатарына жоғарыда сипатталған
Ф. Ирвин құбылысы да, М. Старрдың « ерікті және мәжбүрлен-
ген таңдау асимметриясы» құбылысы да кіреді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде тұлғааралық
өзара іс-әрекет нәтижесінде дайындалған коллегиялық ретінде
сипатталатын құбылыстар әлдеқайда айқын байқалады.
Олардың арасында Р. Стоунердің, жекемен салыстырғанда
топтық шешімдердің үлкен тәуекелділігінен тұратын, «тәуекел-
дің позитивті ығысуы» құбылысы ең танымалды. Бұл құбылыс-
тың бірнеше түсініктемесі бар. Біріншісі топтық шешімде жауап-
кершілік диффузиясы (жауапкершілікті топ мүшелері арасында
бөлу) орын алатынына келтіріледі. Екіншісі тәуекелдің оң құн-
дылығы бар екендігіне, ал тәуекелдік мінез айналадағылардың
жоғары бағалайтынына негізделген. Адам топтың нақ өзінде
тәуекелдік мінезді көбірек көрсете бастайды.
Р. Кларк соңынан топтың ең тәуекелді мүшесі ұсынған тәуе-
кел деңгейіне баратынын көрсетті. Бұл деңгей орташа топтық-
тан жоғары және «төбелік әсер» ретінде белгіленеді.
Басқару іс-әрекетіндегі әсерлерді қарастыру олардың жетек-
шінің нақты кәсіби қызметінде байқалатын маңызды ерекшелі-
гін анықтады. Бұл құбылысты «тәуекелді поляризациялау әсері»
деп атады. Оның мәні мынада.
Топтың қатардағы мүшелері тәуекелді барынша ұлғайтады,
ал жетекші барынша төмендетеді. Тәуекел серпінінің «белгісі»
жетекші мен қол астындағылар үшін әртүрлі.
Топтық шешімдердің феноменологиясын зерттеу кезіндегі
ең мәнді жаңалық «Grouptbіnk құбылысын» анықтаған Д. Яниске
тиесілі. Бұл – аударуы қиын неологизм, оны «топқа толықтай
қосылған индивидтердің шешім шығару кезіндегі ойларының
деформациялануы» ретінде тұжырымдауға болады. Оның маз-
мұны келесі «белгілердің» (симптомдардың) жиынтығымен анық-
талады (Д. Янистің термині):
1. Топ мүшелері бөлетін қателіксіздік елесі, нәтижесінде –
тым артық тәуекелге бел буу.
2. Топтың қабылданатын шешімге мүмкін болатын қар-
сылықтарды алып тастау үшін тиімді түсінік беруге ұмты-
луы.
162
3. Топтың көрсететін мінез-құлық принципіне сену, ол оның
мүшелерін қабылданатын шешімдердің моральдық салдарын
қабылдамауға мәжбүрлейді.
4. Бәсекелестерге деген келіссөз жүргізу үшін аса көп теріс
мінезді адамдар ретіндегі стереотиптік көзқарас.
5. Топтық стереотиптерге қарсы дәлелдер ұсынатын топ мү-
шелеріне ашық қысым жасау.
6. Топ мүшелерінің өзіндік цензурасы, топтық шешімдерге
қатысты өз күмәндері мен қарсы дәлелдерін мүмкіндігінше
азайтуға дайындығы.
7. Көпшіліктің көзқарасымен келісетін бағалар және пікірлер
жөніндегі бірауыздық елесі.
8. Топты келеңсіз ақпараттан қорғайтын «топтық рухтың»
жалған күзетшілерінің пайда болуы, олар топ мүшелерінің қа-
былданған шешімдерден алатын қанағаттанушылық сезімдерін
бұзуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |