Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет59/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Мотивтену  операциялары ерікті-мәжбүрлік  таңдаудың пси-

хологиялық  құбылысымен  байланыста  болады.  Ерікті  таңдау 

тиімділігі  мәжбүрлікке  қарағанда  едәуір  жоғары.  Басқару  ше-

шімдерін қабылдау процестері ерікті және мәжбүрлік таңдаудың 

компоненттерін  синтездейтін  құрама  таңдау  ретінде  көрінеді. 

Коллегиялық  типтегі  басқару  шешімдерін  шығарудың  қиынды-

ғы  мен  қарама-қайшылығы  осында  және  олардың  көптеген 

психологиялық ерекшеліктері осыған байланысты. Мұндай тип-

тегі шешімдердің тиімділігі, егер шешім шығару мақсаты айты-

лып қана қоймай, қабылданатын болса, ал мәжбүрлік реңін жо-

ғалтып,  еріктіге  тасымалданатын  болса,  едәуір  жоғары  болады. 

Жетекші  нормативтік  мақсатты  жалпыға  айналдыра  және  ше- 

шім  шығаруды  (мақсаттық  орталандыру  принципі  бойынша) 

мәжбүрлеу  емес,  сенім  бойынша  басқара  білуге  тиіс.  Мұндай 

жолмен  «топтың  әлеуетін  жібіту»  тиімділігіне  жетуге  болады, 

бұл  оның  іс-әрекет  табыстылығын  арттырудың  негізі  болып 

табылады. 



Үйлестіру операциялары  жүру барысында коллегиялық бас-

қару  шешімдері  жүзеге  асатын  «шешімдік  пікірталастарды» 

ұйымдастыруға байланысты. 

Стратегиялық  операциялар.  Түбегейлі  шешімді  іске  асыру 

үшін  жетекші  негізгі  үш  стратегияның  –  авторитарлық,  мажо-

ритарлық немесе консенсустық стратегияның біреуін қолдануға 

тиіс. 


Постшешімдік  операциялар  шешімдердің  орындалуын 

ұйымдастыруға,  оны  іске  асыру  үшін  мәжбүрлеуге  және  оның 

орындалуын  бақылауға  бағытталған.  Бұл  операциялар  жүйесі  – 

шешім  қабылдау  процесіне  қатысты  негізгі  үш  басқару  функ-

цияларын,  яғни  орындауды,  мотивті  және бақылауды ұйымдас-

тыруды нақтылау. 



Санкциялау  операциялары.  Көптеген  стратегиялық  басқару 

шешімдерінің қажетті компоненті – жетекшінің оларды жоғары 

тұрған басшылық алдында негіздеу, оларға санкция алу шебер-

лігі. 


Полипроцессуалдық  үйлестіру  операциялары.  Жетекші  көп-

теген мәселелер мен функцияларды қатар (параллель) іске асы-

рады.  Әрбір  шешімнің  табыстылығы  олардың  қаншалықты  үй-



159 

 

лескенімен,  басымдықтары  бойынша  иерархияға  тізілгенімен 



және  өзінің  кезектілігі  бойынша  оңтайлы  екендігімен  анықта-

лады. 


Басқару  шешімдерін  қабылдау  процестері  шешім  шыға- 

рудың  жалпы  циклі  бойынша  проблеманы  тану  мен  қоя  білу-

ден,  бақылау  мен  түзетуге  дейін  таралады.  Олардың  жиын- 

тығы  басқару  шешімдерін  шығару,  қабылдау  және  іске  асыру 

жөніндегі  уақытша  құрылымдық  операциялар  болып  табы- 

лады. 


 

Басқару шешімдерін  қабылдау процестерінің 

феноменологиясы 

 

Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде 



байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар  жиын-

тығын білдіреді. Олар  тек  шешім процестеріне ілесіп қана  қой-

май, олардың жүру барысын да реттейді. 

Басқару  шешімдерін  қабылдау  процестерінің  жалпы  фе- 

номенологиясына  жеке  және  топтық  таңдауға  тән  негізгі  

құбылыстар  кіреді.  Бұл  процестер  әлеуметтік  және  ұйымдық 

тұрғыдан  жүзеге  асады,  сондықтан  да  олар  жалпы  көпте- 

ген  әлеуметтік-психологиялық  құбылыстарға  таралады.  Басқа-

ру  шешімдерін  қабылдау  процестерінің  жалпы  феномено-

логиясында  құбылыстардың  негізгі  төрт  тобын  атап  көрсе- 

теді: 

1)  Басқару  шешімдерін  қабылдау  процестерін  сипаттайтын, 



нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар; 

2)  Басқару  шешімдерін  қабылдау  процестерінде  олардың 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет