Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет70/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Ақпараттық  жүктелу  факторы.  Басқару  іс-әрекетінде  ақпа-

рат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психи-

калық  мүмкіндіктерімен  қарама-қайшылыққа  кіреді.  Сондықтан 

ақпараттың осындай көлемімен шартталатын когнитивтік жүктеме 

күйзеліске соқтыратын негативтік фактор ретінде болады. 

Ақпараттық  айқынсыздық  факторы.  Жетекші  ақпараттың 

тым  артықтығына  қарамастан,  жетпейтін  ақпаратты  іздеуге  не-

месе  айқынсыздық,  тәуекел  жағдайларында  қимылдауға  мәжбүр. 

Ал бұл болса – күшті стрессогендік фактор.  



Жауапкершілік факторы – жетекші іс-әрекеті үшін барынша 

байқалатын негізгі және шешуші фактор.  

Уақыт  тапшылығы  факторы,  тұлғааралық  және  тұлғаішілік 

кикілжіңдер  факторы,  басқару  іс-әрекетінің  полифокустылық 

факторы, сыртқы орта факторлары жүйесі (бәсекелестік, крими-

налдық  орта,  макроәлеуметтік  және  макроэкономикалық  серпі-

ліс  тұрақсыздығы)  –  осылардың  барлығы  басқару  іс-әрекетінің 

стрессорлары болып табылады. 

Стрестік  күйлер  іс-әрекетке  тұтастай  және  оның  жекелеген 

процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш 

кезеңі бар: 

1.  Жұмылдыру  кезеңі.  Стресс  дамуының  бастапқы  кезең-

дерінде жалпы эмоционалдық кернелу әлі максимумға жетпейді. 

Сондықтан  психикалық  процестерге  және  іс-әрекеттің  жалпы 

ұйымдастырылуына стеникалық әсер көрсетеді. Бұл кезеңді «өнімді 

стресс» немесе «эвстресс» (эвристикалық стресс) ұғымымен белгі-

лейді.  Оны  психика  мен  ағзаның  сыртқы  жағдайының  күрде-

ленуіне әсері ретінде қарастырады. 

2.  Ренжу  кезеңі.  Стрестік  әсерлердің  (адамның  психикалық 

және  физиологиялық  ұйымдасуына  объективті  түрде  тән  шек-

телулерге  байланысты)  қарқындылығына  қарсыласудың  әлдебір 



182 

 

шегі  бар.  Бар  мүмкіндікті  жұмылдыру  осы  шекке  жеткенге  дейін 



жүреді.  Содан  кейін  психика  «беріле»  бастайды.  Когнитивтік  са-

лада өзгерістер бірінші кезекте жүреді. Жедел ақпаратты қабылдау 

көлемі мен сапасы да төмендейді, өткен тәжірибені құрсау жүреді. 

Ойлау үшін де әлдебір өзгерістер тән. Оның стереотиптілігі арта-

ды, өнімділігі, ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.  

Өткен  тәжірибеден  нормативтік  тәсілді  іздеу  типі  бойынша 

іс-әрекетті ұйымдастыруға тырысу ол үшін тұтастай алғанда си-

патты бола бастайды.  



3.  Деструкция  кезеңі  үшін  максималды  дистрестілік  іс-әре-

кетті  ұйымдастырудың  толық  жойылуы  және  оны  қамтамасыз 

ететін  психикалық  процестердің  бұзылуы  тән.  Қабылдаудың,  

сақтаудың,  ойлаудың  құрсаулану  құбылысы  туындауы  мүмкін. 

Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл кезеңінде мінез-құлықта негіз-

гі екі форманың біреуін, яғни гиперқозу (импульсивтік әсерлер, 

бей-берекет мінез) типі бойынша деструкцияны немесе гиперте-

желу  (іс-әрекеттің  және  мінездік  белсенділіктің  құрсаулануы, 

мелшию) типі бойынша деструкцияны қабылдайды. Бұл кезең – 

іс-әрекеттің толық бұзылуы.  

Үш кезеңнің барлығы жалпы сипатқа ие. Осымен қатар стрес-

тік  әсерлерге  жауап  қатудың  жеке  айырмашылықтары  барынша 

айқын  көрінеді.  Олар  серпілісте  және  көрсетілген  кезеңдердің са-

лыстырмалы  ұзындығында  беріледі.  «Тұлғаның  стреске  тұрақ-

тылығы»  ұғымы  адамның  стрестік  әсерлерге  «қарсы  тұру  ша-

масын»  белгілеу  үшін  қолданылады.  Бұл  қабілеттілік  индивидте 

жұмылдыру  кезеңі  қаншалықты  күшіне  берілгеніне  байланысты. 

Адам  созылмалы  стрестік  жағдайлардың  уақытша  қысымына, 

оның  стреске  тұрақтылығының  жеке  шегін  сипаттайтын  резис-

тенттілікті  (тұрақтылықты)  қаншалықты  ұзаққа  сақтай  алатыны 

бойынша айырмаланатын үш негізгі тұлға типтері атап көрсетіледі. 

Бұл  жетекші  стреске  бейімделеді,  екіншілері  тіпті  қысқа  стрестік 

әсерлері  кезінде  жаңылады,  ал  үшіншілері  тек  стресс  жағдай-

ларында  ғана  тиімді  жұмыс  істей  алады.  Оларды  тиісінше  «өгіз 

стресі», «қоян стресі», «арыстан стресі» ретінде белгілейді. 

Жетекші  іс-әрекетінде  ұзақ  мерзімді  стреске  төзімділік  тұл-

ғаның  интернальділік-экстернальділік  параметрлеріне  тәуелді  бо-

лады. 



183 

 

Стреске  тұрақтылықтың  екінші  қажетті  шарты  тұлғаның 



жалпы  мотивтік  бағытталуы,  оның  үстем  бағдарлануы  (тұлға-

лық-карьерлік  –  стреске  тұрақтылықты  төмендетеді,  ал  әлеу-

меттік-кәсібилікті  арттырады).  Стресс  жағдайындағы  мінез-құ-

лықтың екі формасы болады: қорқынышты бақылау және қауіп-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет