80
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
11. Шикізат, шығыс материалы 2 000 000 тг
Барлығы 10 000 000 теңге.
Жобаны нақты нарықтық жағдайларда сату мүмкіндігі;
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға үлкен күш салынуда, оған куәлік ретін-
де «2017 – 2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдар-
ламасы» болады.
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм-
кіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру мақсатында 5 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешенде еңбек
өнімділігін және 2017 жылмен салыстырғанда өңделген ауыл шаруашылық өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге
ұлғайту.
Агроөнеркәсіптік кешен саласының бәсекеге қабілеттілігін 2015 жылы ауыл шаруашылығында 1 жұмыс жасайтын
адамға 1,2 млн. теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 млн. теңгеге дейін еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы арттыру.
ҚР АӨК дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның басты міндеттерінің бірі су ресурстарымен қамтамасыз ету
деңгейін арттыру болып табылады.
Тұщы су көздерінің бірі жерасты сулары, олардың пайдалануға бекітілген қорлары 15,6 км3 (оның ішінде қазіргі
таңда жылына 1,05 км3 өндіріледі) құрайды.
Су астындағы ұңғымаларды бұрғылау мемлекет тарапынан қолдау тапқан сұранысқа ие және табысты іс болып табы-
лады. Суға сұраныс ешқашан аяқталмайды. Сусыз ешбір үй, ешбір пәтер, ешбір қожалық тұра алмайды. Су бүкіл тіршілік-
тің әрекет ететін ажырамыс бөлігі болған, болуда және болады. Сондықтан су шығарумен байланысты бизнес – келешекті.
ҚР АӨК дамытумен бұрғылау қондырғыларына сұраныс өсуде. Көлемі бойынша шағын және өзінің жұмыс сипаттама-
лары бойынша толыққұнды АКБҚ (азкөлемді бұрғылау қондырғысы) өзінің барынша жеңілдетілген конструкциясының,
жылдамдылығының, қызмет көрсету қарапайымдылығының арқасында өз иесіне ірікөлемді бұрғылау қондырғыларында
жоқ артықшылықтарды ұсынады. Ұңғыма қазуда және АКБҚ жөндеуде тәжірибе, сонымен қатар, барлық қажетті схема-
лар, сызбалар, қондырғылар есептеулері және қолданыстағы АКБҚ болғандықтан, құрастыру-жөндеу шағын өндірісінде
осындай қондырғыларды жинауға болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Қытайдан, Түркиядан, Ресейден және басқа елдерден келген стандартты емес жабдықпен
әртүрлі бағыттарда жұмыс жасайтын көптеген цехтер бар. Осындай жабдықтың бөлшегі тозған немесе сынған жағдайда
қосалқы бөлшекті алу мүмкін емес болады. Мұндай проблемалар токарлық, фрезерлік және слесарлық жұмыстар көме-
гімен шешіледі.
Автокөліктерді жөндеу барысында үлкен сұранысқа токарлық және фрезерлік жұмыстар ие.
Достарыңызбен бөлісу: