127
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Jack JK-9100 BP тігін машинасы
дана
1
140000
140000
Алдын ала көпірткіш
дана
1
650000
650000
Жасанды былғары материалы
М.
250
1050
262500
Алдын ала көпірткішке арналған шикізат
Кг.
1000
450
450000
1727500_жеке_қаражаттарды_пайдалану_атауы_Өлш.бір._саны_бағасы_құны'>1727500
жеке қаражаттарды пайдалану
атауы
Өлш.бір.
саны
бағасы
құны
Торлағыш
дана
1
140000
140000
Көбікполистиролға арналған шикізат жеткізу
30000
32750
172750
Өнімнің сипаты, дайындау технологиясы
Қаңқасыз жиһаздың пайда болуына біраз уақыт болды, алғашқы қапшық-кресло сатылымға өткен ғасырдың алпы-
сыншы жылдары түскен. Бірақ біздің елімізде бұл ыңғайлы әрі қолайлы жиһаз жақында ғана пайды. Қаңқасыз жиһаздың
бірнеше түрлері бар: дивандар, креслолар немесе пуфиктер. Барлық осы түрлерді қатты қаңқаның жоқтығы біріктіреді,
дәлірек айтқанда, жиһаз құрылымы әртүрлі материалдан (матадан, табиғи немесе жасанды былғарыдан, теріден) жасалған
қабықшадан және көбікполистиролдан толықтырғыштан тұрады.
Қаңқасыз жиһаздың барлық нұсқаларының ішіндегі ең танымалы қапшық-кресло (алмұрт-кресло, бин-бег). Бұл онда
отырған адамның пішінін қабылдайтын өте ыңғайлы жиһаз. Креслолар өте жеңіл, оларды тіпті баланың өзі пәтер ішінде
орнын ауыстыра алады. Оларды пәтерлерде, саяжайларда, клубтарда, дәмханаларда, сұлулық салондарында, балалар ме-
кемелерінде қолданады.
Қаңқасыз жиһаз - ерекше ыңғайлылық, қолайлылық, әмбебаптылық, экологиялылық, оған қоса денсаулыққа пайдалы,
жеңіл, ерекше, оны тасымалдау оңай, оның күтімі де қарапайым. Егер бин-бег секілді заттың пайдалылығын қарайтын
болсақ, бүгінгі таңда көптеген педиатр дәрігерлер баланың дамуы үйлесімді әрі жан-жақты болуы үшін балаға осындай
жиһазды алуға кеңес береді. Себебі бин-бег ағзаға салмақты барынша бірқалыпты бөлуге мүмкіндік береді, ал толты-
рғыш-шариктер жеңіл массаж жасайды.
Қарттар үшін осындай жиһаз өте пайдалы, себебі олардың көбісінің арқасы ауырады. Сондықтан креслоға отырғанда,
адам толығымен босаңсиды, оған қоса дене жылиды. Жасы келген адамдарға бұдан артық не керек?
қапшық-кресло – жұмсақ жиһаздың түрі. Ол полистиролмен көбіктелген, саңылаусыз мата немесе былғары
қапшықтан тұрады. Бір немесе екі қаптамадан тұруы мүмкін: сыртқы (безендіргіш) және ішкі (толықтырғыш үшін кон-
тейнер ретінде). Сыртқы қаптамаға арналған маталар әртүрлі бола алады, дегенмен көбінесе жиһаз өндірісіне арналған
маталар, мысалы, флок, шинил, грета, жасанды былғары, нейлон және т.б. Әдетте, алмұрт пішініндегі қапшық болады –
бұл қаңқасыз жиһаздың ең танымал және жаппай түрлерінің бірі.
пуф – жұмсақ жиһаздың түрі. Сыртқы қаптамасына арналған бөлшектер: – 6 бүйірлік сына; – кресло негізіне арналған
40 см жақтары бар 1 алтыбұрыш (матадағы бөлшектердің орналасуына байланысты ол тұтас болады немесе 2 бөлшектен
тұрады) – шыңы үшін 10 см жағы бар 1 алтыбұрыш; – креслоны тасымалдауға арналған 1 тұтқа – өлшемі 5*12 см қара-
пайым тікбұрыш.
Екі бүйірлік сына аламыз, бір біріне қаратып бүгеміз, үстіңгі жағынан 15 см-ден және бөлшектердің ұзын жағынан
төменнен 15 см егейміз.
1. Тігістің басында және соңында бекітпелер жасаймыз. Сыдырма тігу үшін қуыс жасаймыз. Одан кейін сыдырманы
тігеміз.
2. Келесі сынаны аламыз, шеткі тігістерін тігеміз. Барлық шеткі тігістерді үтіктейміз және бір жаққа жатқызамыз.
Беткі жағынан жатқызылған әдіптерді ала отырып, әрбір тігіс бойынша тігіп отырамыз.
3. Енді біздің қапшық-кресломыз үшін тұтқаны тігеміз. Бұл үшін бөлшекті аламыз, ұзын жағы бойы ортасынан қайы-
рамыз, машинамен тігеміз.
4. Бөлшектер арасына креслоны тасымалдау тұтқасын салуды ұмытпай, қапшықтың үстіңгі бөлігін тігеміз, әдіптерді
үтіктейміз, тігістер жасаймыз.
5. Көбікполистиролді шариктермен толтырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: