44
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
Өнім сипаты
Макарон өнімдерінің пайда болу тарихы көптеген ғасырларға созылады. Макарон жасау туралы алғашқы мәліметтер
бізге Мысырдан біздің эрамызға дейін IV мыңжылдықтан келген. Макарон өнімдерін дайындау мәдениетін әлем бойынша
римдіктер таратқан деп саналады. Мәлім болғандай, Рим алпауыт қала болған, азық-түлікті сақтау проблемасы қиын-
дық тудырған. Римдіктер бірден тамаққа қосылатын жұмыртқа шикі пастасын жасаған – онымен бірге ет, балық немесе
көкөністерді бұқтырған. Макарондар заманауи түрінде бізге шығыстан келген. Еуропада макарондар 1292 жылы Қытайға
өзінің кезекті саяхатынан алып келген Марко Полоның арқасында таратылған деп саналады. Өнім өте дәмді тағам болып
саналған және тек қана бай адамдар үшін қолжетімді болған. Сұрыптары мен түрлерінің үлкен көлемі, дайындау қара-
пайымдылығы, барынша ұзақ сақтау мерзімі, сонымен қатар, керемет дәмдік қасиеттері макаронды соншалықты танымал
етті, қазір онымен ешкімді таңқалдыра алмайсың.
Негізгі шикізат – ұн қаланың көтерме сауда нарықтарында өз қаражаты есебінен сатып алынады. Ұнды сатып алу қа-
жет болған жағдайда жүзеге асырылады, бірақ міндетті үшкүндік қор көзделген. Өндірістік үрдіс инфрақұрылымы электр
қуатын, ауызсу, газ, бу қолдануын көздейді. Ауызсумен технологиялық үрдіс қалалық желіден қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: