59
келіп, естері кетеді. Бірақ қолға түспейді. Бұл не кітап?
Сыныптағы әр бала өздерінше жорамалдайды, бірақ ол
қандай кітап екенін білуге мүмкіндік жоқ.
Міне, Бекки мұғалімнің үстелі жанынан өтіп бара
жатып, тартпаның кілті тұрғанын көрді. Мұндай сәті
келген істі қалай жіберуге болады?! Ол жан-жағына
қарап еді – тірі жан жоқ. Бір минуттан кейін Бекки
кітапты қолына ұстап тұрды. Кітаптың аты – «Ана-
томия», авторы пәлен деген профессор – бұл қызды
қызықтырған жоқ. Бірінші бетін аша бастады. Осы
кезде біреудің көлеңкесі кітап бетіне түсті. Есіктен Том
Сойер еніп келе жатыр екен. Бекки тездетіп кітапты
жауып жатқанда, бір беті жыртылып кетті. Ол кітапты
жәшікке сұға салып, кілтті бұрады да, өкініш пен
ұяттан жылап қоя берді.
– Том Сойер! Сіз бұзықтыққа ғана үйірсіз. Біреудің
сыртынан сығалап – не деген оңбағандық!
– Сенің не қарап тұрғаныңды мен қайдан білейін?!
– Ұялсаңызшы, Том Сойер! Сіз, әрине, мені айтып
қоясыз. Содан соң мені жазалайды. Мен не істеуім ке-
рек?! Не істесем екен?
Қыз өкіріп жылап, бөлмеден шыға жөнелді.
Том оның аяқастынан шабуыл жасағанына таңда-
нып, не істерін білмей тұрып қалды.
Марк Твен
Орыс тілінен аударған Ф. Оңғарсынова
Достарыңызбен бөлісу: